Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (19) Өлеңдер (61) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (189) Ұлағатты сөздер (44)

Ердің айнасы — елі,
Жердің айнасы — көлі.

Ілмектер: ер, ел, жер

Ат баспаймын деген жерін, үш басар,
Ер татпаймын деген тұзын үш татар.

Ілмектер: ер, жер

Жанжалшыл елге жақын қонба,
Оқпанды жерге егін салма.

Ілмектер: жер, ел

Жердің жарлысына
Ердің сорлысы қонар.

Ілмектер: жер, ер

Алтын деген жер сыйы,
Алғыс деген ел сыйы.

Ілмектер: алтын, жер, алғыс, ел, сый

Жер - қазына,
Су - алтын.

Ілмектер: жер, су

Шықпаған егіннен жер бүлінеді,
Олақ бастықтан ел бүлінеді.

Ілмектер: егін, жер, бастық, ел, халық, олақ

Елің - панаң,
Жерің - анаң.

Ілмектер: ел, жер, туған жер, пана, ана

Ел жаусыз болмас,
Жер таусыз болмас.

Ілмектер: жер, тау, жау, ел

Танымайтын жердің ой-шұқыры көп.

Ілмектер: жер, туған жер

Кімнің жерін жерлесең,
Соның жырын жырларсың.

Ілмектер: жер, туған жер, халық, ел

Жеріне қарай жемісі.

Ілмектер: жер, жеміс, туған жер

Ер салмағын ел көтереді,
Ел салмағын жер көтереді.

Ілмектер: ер, ел, жер

Ауырлықты жер көтерер,
Ауыр қазаны ер көтерер.

Ілмектер: ауыр, қаза, ер, жер

Қонған жердің қадырын көшкенде білерсің.

Ілмектер: жер, қадір, көшу

Жер - ырыстың кіндігі.

Ілмектер: жер, ырыс

Жер бауыры жазық.

Ілмектер: жер, жазық

Жанжалды елге жақын қонба,
Оқпанды жерге егін салма.

Ілмектер: егін, ел, халық, жұрт, жанжал, жер

Құлан қайда семірсе,
Сол жерге түгін төгеді.

Ілмектер: мал, құлан, жер, семіру

Сусыз жердің шөбі артық.

Ілмектер: су, шөп, жер