Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (54) Ұлағатты сөздер (21)

Дерт атаулының ең қатерлісі – дүлейлік.

Ілмектер: дерт, мінез-құлық

Қайсы бірде қайырымды да ашуланар.

Ілмектер: мінез-құлық, ашу

Хас кемеңгер қайғырса да, қуанса да, қалт етпес.

Ілмектер: кемеңгер, мінез-құлық

Жұмсақ ағаш құртқа жем,
Жұмсақ адам жұртқа жем.

Ілмектер: адам, мінез-құлық

Өзіңді зор тұтпа,
Өзгені қор тұтпа.

Ілмектер: тәрбие, мінез-құлық

Ашумен басталған іс
Абыройсыз аяқталады.

Ілмектер: ашу, мінез-құлық, іс

Ашу дұшпан, ақыл дос-
Ақылыңа ақыл қос.

Ілмектер: ашу, ақыл, мінез-құлық

Ауру кетеді, мінез кетпейді.

Ілмектер: ауру, мінез, мінез-құлық

Өзін ғана ойлаған
Жамандықтың белгісі,
Өзгені де ойлаған
Адамдықтың белгісі.

Ілмектер: адам, мінез-құлық, жақсы, жаман

Мейірімділік —
Жүректен.

Ілмектер: жүрек, мейірімділік, мінез-құлық

Жақсылықты қызғанба,
Бәріңізге жетеді.
Жақсы болып бір жүрсең,
Дүние қызық өтеді.

Ілмектер: жақсылық, қызғану, мінез-құлық

Жақсы болсаң, жердей бол,
Бәрін шыдап, көтерген.
Таза болсаң, судай бол,
Бәрін жуып кетірген.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жапа шегіп, жай жату
Жасықтықтың белгісі,
Ерте жатып, кеш тұру
Пасықтықтың белгісі.

Ілмектер: жаман, мінез-құлық

Арыстан асқынса — айға шабар,
Ақымақ асқынса — анасын сабар.

Ілмектер: ақымақ, мінез-құлық