Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Мақал-мәтелдер (16)

Ананың салған жолы бар,
Ананың тіккен тоны бар.

Ілмектер: ана, тон, жол

Ескі тонның жылуы жоқ,
Қайтқан күннің қызуы жоқ.

Ілмектер: күн, тон

Кеңеспен кескен тон келте болмас.

Ілмектер: тон, кеңес, халық

Орамал тонға жарамаса да,
Жолға жарайды.

Ілмектер: салт-дәстур, әдет-ғұрып, орамал, тон

Тоны жаманды ит қабар,
Көңілі жаманды құдай табар.

Ілмектер: тон, ит, көңіл, жаман

Жаман тонның биті ащы,
Жаман кісінің тілі ащы.

Ілмектер: жаман, тон, кісі, бит, тіл

Тойға барсаң тойып бар,
Торқа тоның киіп бар.

Ілмектер: той, тон

Кеңеспен пішкен киім кең де болмайды, кем де болмайды.

Ілмектер: бірлік, кеңесу, тон

Кеңеспен пішкен тон
Келте болмас.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік, кеңесу, тон

Кеңес қылған ел азбас,
Кеңінен пішкен тон тозбас.

Ілмектер: кеңес, тон, ел, халық

Жанын берсе де,
Жабағы тонын бермейді.

Ілмектер: жан, тон, парсы мақалы

Ақырған аюдың ала тонын сатпа.

Ілмектер: тон, аю, сауда, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Әкенің тоны шақ келсе,
Әкені бала жоқтамас.

Ілмектер: әке, бала, тон, жоқтау

Көлеңкеге қарап тон пішпейді.

Ілмектер: көлеңке, тон, қырғыз мақалы

Жаманның тонын кисең,
Тойда даулайды.

Ілмектер: жаман, той, дау, тон, қырғыз мақалы

Жалды болса – ат,
Жағалы болса – тон.

Ілмектер: жал, тон, ат, қырғыз мақалы


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)