Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (136) Ұлағатты сөздер (124)

Түсі келіспей, ісі келіспес.

Ілмектер: түс, іс, еңбек, нәсіп, кәсіп

Тартынып үзген шабанның ісі,
Өткізіп алған жаманның ісі.

Ілмектер: кәсіп, іс, жаман

Айтқызған жаманның ісі,
Қамшылатқан шабанның ісі.

Ілмектер: жаман, іс

Айдап салдың малы өспес,
Алакелдің жұмысы бітпес.

Ілмектер: мал, жұмыс, кәсіп, іс

Тіліңе сүйенбе, күшіңе сүйен,
Күшіңе сүйенбе, ісіңе сүйен.

Ілмектер: тіл, еңбек, күш, іс

Кімнің ісі көп болса,
Соның күші көп.

Ілмектер: іс, күш, еңбек

Қарт келсе асқа,
Жас келсе іске.

Ілмектер: қарт, жас, ас, іс

Бұрынғы істің басында болмасаң,
Соңғы істің қасында бол.

Ілмектер: іс

Бала, баланың ісі шала.

Ілмектер: бала, іс, отбасы, туыс, жанұя

Асыққанның ісі шала.

Ілмектер: асығу, іс, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Сөзге мақұл,
Іске тақыл.

Ілмектер: сөз, іс, Араб мақал-мәтелдері

Ісің ақ болса, құдайың жақ болар.

Ілмектер: іс, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Бабы келіскен істің бағы жанады.

Ілмектер: іс, бақ, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма?
Ісіңді біреу істесе, қолың қышып бара ма?

Ілмектер: сөз, іс

Тоқтың жоқпен ісі жоқ.

Ілмектер: тоқтық, іс, парсы мақалы

Досың мейірлі болса,
Ісің пейілді болар.

Ілмектер: дос, мейір, пейіл, іс

Іссіз тұрған білімді жаңбырсыз бұлттай.

Ілмектер: іс, білім, жаңбыр, бұлт

Өзімдікі дегенге,
Өгіз қара күшім бар.
Кісінікі дегенде,
Анау-мынау ісім бар.

Ілмектер: өгіз, іс, кісі

Еңбексіз іс бітпейді,
Еріншектің қолы жетпейді.

Ілмектер: еңбек, іс

Батырдың бір ісі тентек,
Қорқақтың екі ісі тентек.

Ілмектер: батыр, тентек, іс, қорқақ