Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (23) Мақал-мәтелдер (41) Ұлағатты сөздер (30)

Ұрық пен ажал тəн тіршілігінің кеңістіктегі орнын шектейді: ұрық — күнə, ал ажал — жаза рөлін атқарады.

Ілмектер: ұрық, жаза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ажал Освальд Шпенглер

Заттың əлсіздігі мен ажалы емес, соларға көзсіз елту — қасірет.

Ілмектер: зат, әлсіздік, ажал, қасірет Жан Бодрийяр

Зат — біздің уақыт пен ажалға байланысты қорқыныштарымыздың аузына құм құятын тұрмыстық мифология.

Ілмектер: зат, уақыт, ажал, қорқыныш, тұрмыс, миф Жан Бодрийяр

Байқадыңыз ба: сараңдар өте ұзақ жасайды. Тегі, олар ажалдың өзінің зəресін ұшыратын болуы керек.

Ілмектер: ажал, сараң, зәре, сараңдық Роберт Вальзер

Ажалдың мұңға орар мінезіннен адамның мұңға деген қажеттілігі сезіледі.

Ілмектер: ажал, мінез, мұң, қажеттілік Жорж Батай

Ажалдың көлеңкесі біздің еркімізден тыс дүниеге келеді.

Ілмектер: ажал, көлеңке, дүние Жорж Батай

Ажал ғана бізді толық танып біле алады.

Ілмектер: ажал Пьер Тейяр де Шарден

Ажалды жеңгіміз келсе, оның бойынан Құдайды көруіміз керек.

Ілмектер: ажал Пьер Тейяр де Шарден

Кез келген ажалдың екі мағынасы бар.

Ілмектер: ажал, мағына Жиль Делез

Өмір жақсы нəрсе екендігін дəлелдейтін бірден-бір тəжірибелік дерек — көбіміздің оның адам айтқысыз азабын ажал тозағынын артық санайтындығымыз.

Ілмектер: өмір, дерек, тәжірибе, ажал, азап, тозақ Эмиль Дюркгейм