Өлең, жыр, ақындар

17 қараша - Студенттер күні

Студенттік өмір жастардың ең көңілді, әсерлі, шаршау мен уайымды білмей, ізденумен, үйренумен, танысумен, табысумен өтетін ерекше шағы. Бұл кезде білім кеңістігің, көңіл көкжиегің кеңейіп, махаббат пен ғашықтық отының да ыстығына күйіп, жалынына шарпыла жүретін кез. Оқу ордасында талай  дос тауып әзілің жарасып, құрбы-құрдаспен күліп-ойнап өтетін күндер де көп. Студенттер жастық күш-қуаты мен энергиясын, уақытын жаңашылдыққа ұмтылу мен білім алуға арнай отырып, сонымен қатар уақытты қызықты өткізіп, естен кетпейтін керемет естеліктер жасайды. Әр күн қуанышқа толы болғанымен ерекше өтетін күндер де болады. 

Бүкіл Қазақстан бойынша аталып өтілетін мерекелерден бөлек барша студенттер қауымы үшін айтулы мереке – «Студенттер күні».  Жаңа тың идеяларға толы студенттер өздеріне арналған бұл күнді ерекше атап өтетіні айтпаса да белгілі.

Студенттер күнінің тарихын еске түсірейік. 1939 жылы 16 қараша күні прагалық студенттер мен ұстаздар неміс басқыншыларына қарсы көтеріліске шықты. Көтерілісті басу барысында студент Ян Оплетал қаза тапты. Бұл студенттің жаназасы бүкілхалықтық қарсылыққа ұласты. Студенттердің көтерілісінің нәтижесінде 1939 жылдың 17 қарашасында чех жоғары оқу орындарын жауып, 10 студентті атып, 1200 көтеріліске қатысқан студенттері концлагерьге жапты. Екі жыл өткен соң 1941 жылы Лондонда өткен нацизмге қарсы студенттердің Халықаралық кездесуінде, Чехославак коммунисті Отто Шлингтің ұсынысымен бұл күнді, қаза тапқандар құрметіне, жыл сайын студенттер күні ретінде атап өту шешімі қабылданды. 

Бұл күн көптеген елдердегі студенттер арасында өте керемет тойланады. Әр жыл сайын дүркіреп өтетін бұл күнге 2020 жылдың бұл дерті де кедергі емес. Біздің белсенді студенттеріміз бұл жылы да өздерінің төл мерекесін қызықты өткізбек. Олар әр студенттерді жеке құттықтап, олар бірге болмаса да конференция арқылы жүздеспек. 

Қазақстандағы және әлемдегі барлық студенттерді төл мерекесімен құттықтаймыз!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Т.Ғ.К
Жұмаділ Махаббат Тоқтарқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз