Өлең, жыр, ақындар

Психология менің өмірімде және кәсібімде

Психология адам өмірінің ажырамас бөлігі. Әр істе, күнделікті өмірімізде, кәсібімізде түрлі жағдайларға душар боламыз. Яғни түрлі таңдаулар жасаймыз, мақсатымызға ұмтыламыз, эмоциональды тұрақсыздыққа тап боламыз, адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында түсініспеушіліктерге кезігеміз. Осындай сәттер туындағанда біз психологияға жүгінеміз.

Психология, ең алдымен, адамның өзін-өзі жақсы түсінуіне, мінез-құлқына, эмоциональді күйіне, санасының ашық болуына әсер етеді. Егер адам өз қалауын анық білсе, айналасындағы адамдарды жақсы түсінсе, ол туындаған проблемаларды сабырлы түрде, анализ жүргізу арқылы еркін ешеді.

Менің өмірімде психология негізгі рөл атқарады десем, артық айтпаймын, себебі менің жасаған әр таңдауым, алға ұмтылуым, кезіккен проблемалармен күресуім,қоршаған ортаның, айналамдағы адамдардың маған әсерін психология арылы еңсеріп жатырмын. Қарапайым мысалдармен қарастырайық,

Мен мақсатыма жетуде кедергілерге тап болдым, оның шешімін білмеймін. Егер мен эмоцияға беріліп, шеше алмаймын деп, шарасыздық танытсам, бастаған ісімді аяғына дейін жеткізе алмаймын , ал егер өзімді сабырға шақырып , сезіміме емес ақылыма жүгінер болсам, мен қандай қиындық болмасын еңсерер едім.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас. Егер мен қатынасқа түсетін адамның эмоциялық күйін байқамасам, мысалға, мен мұңайып тұрған адамға өз проблемам жайлы айта берсем, ол мені тыңдағысы келмей кетеді, себебі өзі де қиындықтарға тап болып, мені ойлауға мұршасы жоқ. Осындай жағдайларда адамдар арасында түсініспеушілік туындап, ол келеңсіз жағдайларға алып келуі мүмкін. Бұндай жағдайларды болдырмас ұшін адамның өзін ұстауына, сөйлеуіне мән беріп, анализ жасау арқылы эмоционалды күйін анықтағаннан кейін ғана, белгілі бір мәселелерге қатысты сөз қозғау керек.

Адамға физикалық әсерге қарағанда моральдық әсер ауыр тиеді. Себебі моральді әсер адамның жан дүниесіне жазылмастай ауыр жара қалдырады, тіпті кейбір жағдайларда өзін-өзі өлтіруге, яғни суицидке әкеліп соқтырады.

Қоғамда, егер адам басқа адамдардан өзгеше болса немесе өзге көзқараста ұстанса, негативті ойларын білдіріп, тұлғаға моральді түрде шабуыл жасайды. Бұндай жағдайларға адам психологиясы төтеп бере алмаса, соңы қайғылы жағдайлармен аяқталуы мүмкін. Сол себепті адам психологиясы мықты, әрі берік болуы керек.

Журналистика мамандығы психологиямен тығыз байланысты. Себебі журналистер адамдармен тікелей байланыста болады, түрлі стрессті ситуацияларға тап болады, оларға жан-жақты пікірлер, сыни көзқарастар айтылады. Журналистке осындай жағдайларға моральді тұрғыдан дайын болу керек.

Мысалға, отбасында анасы бір баласынан айырылып қалды делік, журналистер анық-қанығын білу үшін анасынан мән-жайды сұрайды. Осындай кездерде қайғырып тұрған ананы сұрақ астына алу, журналистке қаншалықты қиын болса да, сезіміне ерік бермей жұмысын істеуге міндетті.

Адам арасындағы қарым-қатынас кезінде де журналистер психологияға жүгінеді. Сұхбаттасып отырған адамға дұрыс сұрақ қоя алу, ситуацияны анализдеу сынды қасиеттерді игере алу керек.

Бес саусақ бірдей емес дегендей, әр адам әр түрлі көзқараста болады. Журналистке сын-пікір айтылғанда оң қабылдап, эмоцияналдық күйін басқара алу керек.

Қорыта айтқанда, қандай сала болсын, қандай мамандық болсын психологияға жүгінеді. Психологияны игеру арқылы өміріміз біршама жеңілдейді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз