Өлең, жыр, ақындар

Информатика пәнінің маңыздылығы

Молдабек Талшын Нұрланғалиқызы

Кіріспе

Заманауи ақпараттық қоғамды қалыптастырудағы жаһандық процестері әсерінен адамдардың ақпараттық қоғамы аясында дамуына және көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Алайда, мұндай ақпараттық қоғамының кеңістігінде қажетті білім мен бағдарлау дағдыларын меңгерген қоғам мүшелері ғана осы аталған заманауи ақпараттық саланы толық пайдалана алады. Сондықтан мектеп кезден бастап білім берудің басты міндеттерінің бірі өскелең ұрпаққа информатика пәнін және оның дүниетанымдық деңгейін жан-жақты арттыруға мүмкіндік беру болып табылады. Бұл мәселені шешудегі маңызды рөл информатика пәнінің мектепте берілуі оқыту әдісіне тиесілі.

Кілт сөздер:  информатика, жаһандану, интернет, математика, компютерлік технология, пәнаралық,

Орта мектепте информатиканы оқытудың проблемалары мен перспективалары туралы айтпас бұрын, басты мәселе – оқушылардың информатиканың пән ретінде маңыздылығын, сондай-ақ саланың нақты сипаттамасын, оның мақсаттарын білуі. Интернет, әлеуметтік желілер, блогтар, электронды кітапханалар, электронды кітаптар және сандық аудио-видео фотосуреттер, ұялы телефондар, жедел хабар алмасу құралдары (Уатсап, Вайбер), IP-телефония, қалта компьютерлері және коммуникаторлар,  қазіргі мектеп оқушысы үшін 20 жыл бұрын біз абсолютті ақпараттық вакуумда болғаны және, онда кедергілерден басқа (әлеуметтік, географиялық, саяси) ештеңе болған жоқ. Алайда, қазір жаһанданудың аясында бұл кедергілерден бастан кешіріп отырмыз.

Информатика  - бұл жалпы білім беретін пән және оған жалпы орта білім берудің ерекшеліктері мен міндеттерінен туындаған жүйелік тұрғыдан қарау керек. Оны қарапайым оқушының қабылдауы қиындықтарының бірі – пәннің міндеттері басқа пәндік салаларына-физика, математика, астрономия және т.б. қатысты, сондықтан информатика пәнаралық сипатқа ие.

Сонымен қатар, информатика – бүкіл ақпараттық қоғамды айқындайды. Қазіргі уақытта балалар компьютердің бар екенін біліп қана қоймай, ол туралы жай ғана түсінікке ие болып қана қоймай, онымен жұмыс істей білуі керек, осы техниканы қолдана білуі керек. Информатика – бұл пәндер немесе процестер туралы емес, оларды автоматтандыру, құру және жұмыс істеу әдістері, құралдары мен технологиялар туралы ғылым. Бұл пән оны терең зерделеуді ғана емес, сондай-ақ теориялық білімді, біліктікті және дағдыларды іс жүзінде қолдануды көздейді.

Балаларға арналған оқытудың негізгі проблемаларының бірі – компютерлік ойыннан оқуға күрт өзгертуі (әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін). Оқу іс-әрекетінің қалыптасуы көбінесе баланың ойын қажеттіліктеріне сәйкес келмейді және оны өте ауыр қабылдайды нәтижесінде пәнге қызығушылық қалыптаспайды. Бұл кезеңде ойын дидактикалық компьютерлік технологияларды қолдана отырып, негізінен ойын әрекетінен, информатикалық  білімге біртіндеп көшуді ұйымдастыру қажет.

Оқушының логикалық және жүйелілік ойлаудан басқа, тапқырлықпен шығармашылықты қалыптастырушы, информатика пәнінің мұғалімі. Сонымен бірге оқушылардың шығармашылық қиялын, шынайы ғылымилықпен үйлестіріп дамытуға бағыттайтын шығармашылық қызмет түрі ретінде информатиканың алатын орны ерекше.

Қорытынды

Информатика ғылыми-педагогикалық сала ретінде, қоғамның одан әрі даму процестеріне көбірек әсер етеді. Бұл қоғамның жалпы әлеуетін және оның даму перспективаларын анықтайтын басым факторға айналды. Қоғамды ақпараттандыру қазіргі өркениеттің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, ол ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жоғары деңгейімен және дамыған ақпараттық құрылымдармен сипатталды. Информатика іс жүзінде техникалық жағынан табиғат пен қоғамдағы ақпарат пен ақпараттық процестер туралы іргелі ғылымға айналды.

 Пайдаланылған әдебиеттер:                                                                                                  

  1. Гольдин А.  Образование:  взгляд  педагога.  [Электрондық  ресурс]: Компьютерра–Онлайн,  2009  –  Режим  доступа: http://www.computerra.ru/readitorial/393364/
  2. Ершов А.П. Информатизация: от компьютерной грамотности школьников к информационной культуре общества // Коммунист, 1988. – №2. – С. 82-92.
  3. Информационная грамотность: международные перспективы / Под ред. Х. Лау. Пер. с англ. М.: МЦБС, 2010. – С. 240.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Назарбай

Пайдама жарады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер