Өлең, жыр, ақындар

Қойлық кешенін зерттеу мәтініндегі мәдени код

Аталмыш мәдени орталықты зерттеу елімізде мемлекет тарапынан жасалған бағдарламаға байланысты қала орнына ЮНЕСКО мәдени мұрасына байланысты Қойлық қаласын ашық аспан астындағы мұражайлар айналдыру көзделген болатын. Мәдени орынды зерттеулер өте көп үлес қосқан Карл Байпақов болды. Ол Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан солтүстік-шығыс Жетісуөңірін 1960 жыладыры зерттеу жұмыстарын бастаған. Ол уақытта бұл қалалар мүлде зерттелмеген болатын, түрлі мәліметтерді зерттей келе, Ұлы Жібек  жолы бойымен жүріп өткен саяхатшылардың жазбаларын қарастыруға кіріседі.

Жалпы негізінен, мәдени орынның қалай анықталғанына тоқталатын болсақ, бұл саяхатшы әрі елші , Франция және Италия мемлекеттің жоғары тап өкілі Гильом Рубруктың еңбектерінен анықталды.  Карл Байпақов Гильом Рубруктың еңбектерін қолына түсіреді. Негізі Рубрук жасаған саясатында көріп, білгеннің барлығын ол " Шығыс елдеріне саяхат" атты еңбегінде жазып қалдырған. Осы еңбегінде бізге ең құндысы ол Жоңғар Алатауы аймағы бойынша деректер аса құнды болып есептелінді. Себебі, мұнда өзінің осы бір аймақта кездескен қалаларының салт - дәстүр, әдет - ғұрпын аса бір шеберлік пен сипаттаған. Байпақов өзінің мақсаты ретінде осы қаланың орналу аймағын анықтау деп есептеді,  ондағы керамика, алтын теңгелер мен жәдігерлердің жасы мен «авторларын» анықтау аса маңызды деп есептеді. Әсіресе, жазба деректерді табу мен оны өңдеу мәселесі аса маңызды болды. Мұнда табылған теңгелер Алматы шаһарында ХІІІ ғасырда құйылғаны белгілі болды.  Нақтырақ айтатын болсам, Рубрук Жоңғар Алатауы желісімен Қойлық қаласында келеді. Мұнда ол Мөңке ханның көмекшісін күтіп, 12 күн бойы Қойлық қаласында тұрады. Рубрук аса ізденімпаз болғанына байланысты жергілікті халықтың наным-сенімі мен діни орындарына үлкен қызығушылық танытты, сәйкесінше, христиан дінін ұстанушыларын іздестірді. Кейін қала аумағын саяхаттап жүріп, өзіне мүлде таныс емес діни рәсімді байқайды. Жаңадан айдың тууылына байланысты бастары таз, сары киім киген, қолдарында тәспісі бар, діни гимнді қайталап айтып жатқан адамдардың рәсімін көріп қалады. Рубрук олардың буддист екенін айтпаса да, аталған белгілері буддисттерге тән екені белгілі.  Кейін қазба жұмыстары жүргізілген уақытта осы бір буддистік храм орыны табылды. Табылған жәдігерлер атрибуткасы бойынша буддистік салтқа сай екені белгілі болып, ХІІІ ғасырмен жасы анықталды. Нақты орыны Талдықорған облысының Антоновка селосының орындары Қойлық немесе Қайлақ қаласы екендігін анықталды. Осы Қойлық қаласында тек қана буддисттік храм ғана емес, сонымен қатар христиандық және исламдық құрылыстарда табылды.

Этникалық ерекшеліктерін атайтын болсам, мұнда түркілер мен бірге бір аумақта қарлұқтар және шығылдар өзге де этнос өкілдері мен бірге тұрған. Соғдылар да осы Қойлық қаласында тұрған. Соғдылар – Бұхара мен Бағдат қаласынан шыққан мықты саудагерлер болды. Салт бойынша бала дүниеге келген кезде баланың қолына бал жағып, теңге жабыстырады, ал тіліне бал жағып «ақша жабысуын» ырымдаған ол бойынша, бал қолымен теңге жабыстырып, бал тілімен сауда келісімдерін жасағаны қаланған. Кейбір деректерге сүйенетін болсақ қазақ пен Шығыс Түркістан жеріне осы буддизмді алып келген соғдылар деген мәліметтер бар. Сонымен қатар, Жетісу қалаларында сириялық христиандар да ғұмыр кешті, дегенмен де, негізгі ұлт ретінде түркілер есептелді, қала аттарынан да бұны байқамау мүмкін емес: Қойлық, Екіөгіз, Құлан және Меркі атаулары түркі тілінің көрсеткіші. Исламның таралуы VIII-XI ғасырлар аралығында жүрді, кейіннен ол орталығы Баласағұн, Тараз және Самарақан қалалары болған Қарахан мемлекеті тұсында саяси мақсатта мемлекеттік дін рөліне ие болды.ХІІ-ХШ ғасырларда қала аумағымен қосып көшпелілер арасында тарай бастады, дейтұрғанымен де, қалаларда өзге де конфессиялардың ғимараттарының болуы толеранттылық белгісі ретінде қарастыруға болады.

Келесі, Керімқұлдың қаланы сипаттап, анықтауы.

Керімқұл Жошы Ұлысынан бастау алатын шуманақ тобынан шыққан, олар осы жерді ежелден мекендеді. Оның ата-бабасы осы жерде орын алған әр оқиғаға белсене қатысты. Қазақ халқы аңыз-әңгімелерді ауыздан-ауызға тарату (фольклор) арқылы таралады, содан болар, уақыттық көрсеткіштер белгілі тұлғалардың өміріне негізделгендіктен әрдайым сақталады. Вильгельм де Рубруктың жасаған саяхаты бойынша Қойлық немесе Қайлақ қаласының орыны анықтаған. Нақты, Рубруктың кемемен жүріп өткен ұзын өзені - Іле өзені дейді, ал әсем шабындық, шұрайлы жер деп Қаратал мен Көксу өзендерінің аңғарлары делінеді. Қаланың ұзындық 25 км, ал ені белгісіз делінеді. Ал кейбір деректерде ені 6 шаршы шақырым деп көрсетілген. Жалпы көлемі қала 60 шаршы км құрайды. «Қойлық» атауы қыстау уақытында қой жануарына ыңғайлы мекен болғанын білдіреді. Дәл осындау атау Ташкент өңірінде де бар, ол «Қуйлуқ» атауына ие.

Келесі қарастыратын мәселеміз, Қойлық қаласының күйреу уақытын анықтау. Негізі 1253 жылдан соң тарихи деректерде қала атауы кездеспейді, алайда бұл қала күйреп кетті деген сөз емес.  Темір жорықтарына дейін болған соғыс әрекеттері,  кейіннен Тоқтамыстың Ақ Ордаға билік құруы  кітапта нақты айтылған. 1390 жылы Қаратал өзені тағы аталады, алайда онда ешқандай да соғыстар болмаған. 1450 жылы қалмақтар қазақтарды ойсырата жеңеді. Сол уақыттан кейін біршама қазақ басқа елдерге қоныс тепкен болатын. Сол жағдайдан кейін біраз жерлер иесіз қалып қойды.  Осыған орай, Қойлық қаласының орыны жоқ болғанын байқауға болады. Қаланың 1400 жылы күйреуі нақты ақпарат ретінде қарастырсақ болады. Мәселен, Генри Говарттың мәліметінше, моңғол тарихшысы Санан-Сетцен моңғол тайпаларының ішіндегі жалайыр тайпасы туралы Муқули-Гован, Қытайды бағындырушы жайлы ақпарат бар. Тарихшы Рашид ад-Диннің де жазбаларында да бұл тайпа жайында ақпарат кездеседі, оларды «Тоқраун» және «Токраут» деген де ақпар бар.1250 жылдары жалайырлар 4 топқа бөлінді: бірінші топ Моңғолияда және ішінара Қытайда қалды; екіншісі  Жошы ұлысының 4000 жауынгері құрамында қалды,қалған бөлігі негізінен Шу өзеніне және Іле өзеніне, Балқаш көлінің батыс және солтүстік бөлігінде болды.

Қазіргі Алматы облысында Халықаралық мәдени мұраны зерттеп-зерделеп, сақтап отыратын  ЮНЕСКО-ның тізіміне 3 бірдей нысан енген, бұлардың қатарында: Талғардағы – Талхиз қаласы, Балқаш ауданында орналасқан Қарамерген және Қойлық қалашықтары. Біздің назарға ілігіп отырған  Сарқан ауданында орын тепкен – Қойлық, кей деректе Қайлақ қаласы;

Қойлық қаласының орнында түрлі мәдениеттер мен өркениеттер бірге өмір сүрген, бұған дәлел ретінде қала орнынан табылған ислам мешіті,  христиан шіркеуі және будда храмын айтуға болады. Бұдан бөлек, хамам моншалары, патша сарайы мен өзге де археологиялық нысандар әлі де зерттелу үстінде. Қазіргі уақытта туристік үшін будда храмының есімі ашық. Ол жерде арнайы құлшылық жасайтын бөлмелер бар.

Қала жайында ақпарат Шоқан Уәлихановты аса таңдандырған. Қала тек ірі сауда орталығы ғана емес, сонмен қатар Арслан ханның уақытында Қарлұқ мемлекетінің астанасы рөлін атқарған, кейіннен Шағатай ұлысындағы орталық болған. Зерттеушіле пікірінше табылған діни ғимараттарды қайта зерттеу арқылы туристер ағынын көбейтер еді, әсіресе будда храмы мен христиан шіркеуі аса үлкен қызығушылық тудыруда.

Қойлықтың монета орталығында жасалған күміс және мыс тиындар қаланың мәдени, сауда және діни орталық болғанын көрсетеді. ХІІІ ғасырдың орта шенінен бастап күмбезді мешіт пен ханакалар салынды, жүргізілген қазба жұмыстары бұны дәлелдеді. Қаладағы будда және манихей ғибадатханаларының орны табылып зерттелді, бұл қаланың іргетасы VIII-IX ғасырларда қаланғанын білдіреді, ортағасыр мәдениеті бойынша археологтар мен түрлі діни сенімдерді зерттеушілерге таптырмас орталық болып отыр. . Егер геосаяси тұрғыдан қарар болсақ, бұл өңір қытай мәдениеті мен Батыс Түркістандық өркениеттерді бөліп жатқан аймақ болып табылады. Ол уақытта ислам діні жаңадан еніп жатты, бұл өңірдегі билік ислам дінін мемлекеттік деп жариялаған Қарахан әулетіне тиесілі болғанымен, нақты билік қидандардың қолында болды, олар өз кезегінде діни көзқарасқа толеранттылық танытып, Шығыстан будда және несториан мәдениетінің дамуна зор үлес қосты.

Қойлық Жоңғар Алатауының етегінде орналасқан. Ғасырлар бойы керуен жолдарының тоғысында болған, бүгінгі таңда Алматы мен Өскемен қаласының араларын байланыстыратын трассаның бойында орналасқан.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Мәдениеттану мамандығы 2-курс студенті Алимхан Айдана

Өндірістік тәжірибе жетекшісі Есболова М.А.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз