Өлең, жыр, ақындар

Әнес Сарай Төлендіұлы

Әнес Сарай Төлендіұлы (21.11.1937, Ресей Федерациясы, Астрахан облысы Володар ауданы Кірмалай ауылы) — жазушы, драматург. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1965). Тырнақалды туындылары республикалық баспасөз беттерінде 1963 жыддан жариялана бастады. 1969 жылы жарық көрген "Мұнаралар шақырады" атты мақалалар жи-нағы өдеби өлемде жоғары бағаланды. Кейінгі жылдарда "Қараша өткен соң"(1971), "Бозқырау" (1973), "Тосқауыл" (1976), " Алтын арал" (1984), "Ақ тымық түн" (1987). "Еділ-Жайық" (1994), "Асылдың сынығы" (1996), "Мұхаммед пайғамбардың өмірі" (1994), "Исатай мен Махамбет" (1997), "Адайлардың арғы тарихы" (1998) және орыс тілінде "Қараша айы келгенде"(1989) кітаптары жарық көрді.

Әнес Сарай драматургия саласында да өнімді еңбек етіп келсді "Қу тазша", "Ару Алматы". "Мұным менің", "Тотиын қалды", "Аңсау" пьесаларын және "Біз — жастармыз", "Атаман Анненковтың күйреуі" фильмдерінің сценарийлерін жазды. Соңғы жылдары тарихи тақырыптарға да қалам тартып, оның "Қазақ атауының ізімен", "Ер Еділ", "Жылан бапы патшалығы", "Арғындардың тайпалық жыры" сияқты шығармалары жарық көрді.
Жазушы шығармашылығының шоқтығы — "Еділ-Жайық" романы. Әдебиетке 1917-20 жылдары арасындағы Каспий теңізі мен Атырау еңіріндегі төңкеріс оқиғаларына өзіндік көзқарас, тың да тосын пайымдауларымен келген ол қазақ әдебиетінде жаңа концепцияның негізін калады. Әнес Сарай идеологиялық мұраттарға бұра тартпай, тарихи шындықты бояусыз, архивтік құжаттар негізінде баяндау арқылы әділетсіздікпен тынымсыз айқасқа түскен, жан алысып, жан беріскен саяси топтардың, олардың жетекшілерінің тарихи бейнесін жасады. 1996 жылы оған "Еділ-Жайық" романы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер