Өлең, жыр, ақындар

Бибігүл Төлегенова

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова — КСРО халық әртісі, КСРО және Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Бибігүл 1929жылы 16 желтоқсанда Семейде әншілер отбасында дүниеге келген. Анасы әнді жақсы айтып, әкесі скрипкада ойнаған.

Бибігүл балалық шағынан көркем-шығармашылық үйірмеге қатысқан. Оның әншілік жолына түсуіне жазушы Галина Серебрякованың септігі тиген.1951 жылы консерваторияда оқып жүрген кезінде Бибігүлдің лирикалық-колоратуралық сопраносының әсемдігі жоғары бағаланып, қазақ радиосына әнші ретінде жұмысқа шақырылады. 1954 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Опера және балет театрындағы труппаға кіреді.Бибігүл Төлегенова  Құрманғазы атындағы халық аспаптары  оркестрімен бірге республиканың барлық өңірі мен Кеңес Одағын түгел аралайды. Ол опера сахнасында Қыз Жібек, Еңлік, Гүлбаршын, Виолетта, Джильда және басқа да бейнелерді жоғары деңгейде орындайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер