Өлең, жыр, ақындар

Серік Қонақбаев (бокс)

Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, 1979 және 1981 жылдардағы Еуропа жеңімпазы, 1982 жылғы Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, 1979, 1981 жылдардағы Әлем кубогының иегері, 1980 жылы XXII Олимпиаданың күміс жүлдегері.

Біздің елімізде бокс өткен ғасырдың 30-шы жылдарында пайда болды. Клубтар мен саябақтарда көрсетілетін ойындар жастарды боксқа баулуда маңызды рөл атқарды. Қазақстанның боксшылары әлемдік спорт тарихына өз табыстарымен енді. 1980 жылғы Олимпиадада әлемге танылған әдісқой боксшы С. Қонақбаев «кубалық кедергіні» тойтарды. Жарты мәрелік жекпе-жекте Куба боксшысы Хосе Агиларды жеңді. Мәре жекпе-жегінде аздаған артықшылығымен Серіктің қарсыласы – тәжірибелі италияндық Олива жеңіске жетті. Серік Қонақбаев күміс жүлдегер атанды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз