Өлең, жыр, ақындар

Сарыбауыр немесе сарлан

Сарыбауыр немесе сарлан — аяқсыз жылан тәрізді кесіртке, ұзындығы 1, 2 м, сүйір тұмсықты үлкен басы екі бүйірі шамалы қысылған денесінен айқын бөлініп тұрады. Жыланнан айырмашылығы қасы болады және көзін жыпылықтата алады. Денесін сарғыш қоңыр немесе сарғыш сұр түсті ромбаға ұқсас қабыршықтар жапқан. Оңтүстік Қазақстанда тау өзендері аңғарларында теңіз, деңгейі 2000 метр биіктікке дейін мекендейді. Күндіз белсенді кеміргіш індеріне, тас, ағаш тамыры астына тығылады. Жәндіктермен, әсіресе ірі қоңыздармен қоректенеді, ұсақ кесіртке, кеміргіш, ұядағы жұмыртқа және балапандарды да жейді. Аналығы маусымның соңында пана жерде 8-10 ұзыншақ жұмыртқасын салады. Бір айдан кейін ұзындығы 10 см кішкентай кесірткелер шығады. Жылына 6-7 ай белсенді.

Сарыбауыр — зиянсыз бауырымен жорғалаушы, бау-бақшалардағы зиянкестерді жеп, пайда келтіреді. Егер қолға түссе, шағайын деп ойламайды, тек босанып шығу үшін жылан сияқты бүкіл денесімен қатты бұралаңдайды. Қазір бұл сирек кездесетін кесіртке Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Санының кемуіне жер жырту, шөп шабу, малдың шектен тыс жайылуы және жол салу елеулі әсер етеді.

Оқуға кеңес береміз:

Жылан

Кесіртке

Күзгі табиғат аясындағы жануарлар

Ерекше түстегі жануарлар

Жануарлардың кейбір қасиеттері

Жануарлар балаларымен

Жан-жануарлар атаулары

Жануарлардың рентген суреттері

Қызыл кітапқа енген жануарлар (омыртқалылар)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз