Өлең, жыр, ақындар

Пиноцитоз дегеніміз не

Пиноцитоз (от грек. ріпо — ішу және cytos — клетка) деп клеткалар сұйықтықтарды және оларда болатын жоғарғы молекулалы заттарды плазмалық мембрананың дүмпуі арқылы сорып алу және көпіршіктер (каналшалар) түзу (оларға сұйықтық түседі) процесін айтады. Каналшалар сұйықтыққа толған соң бөлінеді, цитоплазмаға түседі және лизосомаларға жетеді, ол жерде қабырғалары қорытылады, нәтижесінде каналшалардағы зат (сұйықтық) босанады және лизосомалық ферменттермен әрі қарай өңделуге түседі. Пиноцитоз бірклеткалы жануарларда жиі кездеседі, көпклеткалыларда ол қантасымалдау және лимфа жүйелерінде, қатерлі ісік клеткаларында, сол сияқты зат алмасудың жоғарғы деңгейі тән ұлпалардың клеткаларында байқалады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз