Өлең, жыр, ақындар

«Масс-медиа туралы» заң жобасын білесіз бе?

Қазіргі қоғамда арнайы еркетпелер мен тыйымдар болмаса, қоғамды ұстап тұру өте қиын. Адамзатты бір арнаға салып, өркениетті қоғам құру үшін заң қажет. Дәл қазіргі уақытта қоғамды заңсыз басқару мүмкін емес. Заңдар адамның қылмысын шектейді, оны белгілі бір моральдық-құндылық шеңберіне қояды. Өйткені, егер айналада заңсыздық өркендесе, біздің қоғаммен не болар еді? Тіпті елестету қиын. Сол себепті әр адамды қылмыстардан және құқық бұзушылықтардан қорғау үшін арнайы заңдар бекітілген. Әрбір салаға арнайы келтірілген заңдар жиынтығы бар. Мәселен, төртінші билік деп атайытн журналситикада да заңдар жинағы бар. Олар: «Масс-медиа туралы» заң жобасы мен бұрынғы «БАҚ туралы» заң. Бүгін мен «Масс-медиа туралы» заң жобасын талдап өткім келеді.

Қазақстандағы «Масс-медиа туралы» заң жобасы елдегі бұқаралық коммуникация саласын реттеуге бағытталған маңызды заңды құжат болып табылады. Бұл заң жобасының бұрын қолданыста болған «БАҚ туралы» заңға ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Осы Заң жобасының мәні мен салдарын толық түсіну үшін оны талдайық.

Алдыңғы «БАҚ туралы» заңға ұқсастықтары:

  1. Медиа-саланы реттеу: «БАҚ туралы» алдыңғы заң сияқты, жаңа заң жобасы да Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейді. Бұған баспа басылымдары, теледидар, радио, онлайн порталдар және басқа да медиа түрлері кіреді.
  2. Сөз бостандығын қорғау: жаңа заң жобасы, алдыңғы «БАҚ туралы» заң сияқты, сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығын құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл принциптер бұқаралық ақпарат құралдарында әрқашан да маңызды мәселелердің бірі.
  3. Этикалық стандарттар: екі құжат та журналистер мен БАҚ үшін этикалық стандарттарды белгілейді, бұл журналистиканың жоғары сапасын және жарияланған материалдарға қатысты жауапкершілікті сақтауға ықпал етеді.

Енді бұрынғы «БАҚ туралы» заңнан айырмашылығына келер болсақ:

  1. Заманауи технологияларға бейімделу: Жаңа заң жобасы заманауи технологиялық өзгерістерді ескеріп, интернет пен әлеуметтік медианың медиа саласына әсерін ескерген. Бұл онлайн-басылымға және цифрлық медиаға арналған ережелер мен ережелерді қамтиды.
  2. Медиа сауаттылыққа көбірек көңіл бөлу: Заң жобасында халықтың медиа сауаттылығын арттыруға және әсіресе цифрлық дәуірде жалған ақпаратпен күресуге бағытталған ережелер бар.
  3. Құпиялылыққа көбірек көңіл бөлу: Цифрлық қауіпсіздік пен деректердің құпиялылығын арттыру аясында жаңа заң жобасында жеке деректерді қорғауға және журналистер мен олардың дереккөздерінің құпиялылығына қатысты қатаңырақ ережелер бар.

Жалпы, жаңа еліміздің «Масс-медиа туралы» заң жобасы жайлы өз ойымды айта кетер болсам, заң жобасы елдегі медиа саланы реттеудегі маңызды қадам болып табылады. Себебі жоғарыда көрсеткенімдей, Жаңа Қазақстанның журналистеріне заман талабына сай жаңа заңдар жинағы келтірілген. Мәселен, елімізде қазір жалған ақпарат таратып, ел арасына іріткі салып отырған онлайн-басылымдардың, әлеуметтік парақшалардың әсері орасан зор. Жаңа заң жобасында бұған баса назар аударған. Екіншіден, айырмашылығындағы атап өткенімдей, фактчекинге көңіл бөліне бастаған. Бұл ақпарат саласындағы бізге ғана емес, барша адамзат баласының игілігі деп ойлаймын. Себебі жалған ақпаратпен күресу – барша адамзаттың алдында тұрған міндет. Үшінші, қазір ақпарат баршаға анық, белгілі болып кеткендіктен, журналистер үшін өз зиянын тигізуде. Ал жаңа заң жобасында бұның барлығы ескерілген. Дегенмен, бұл заң жобасының кемшіліктері келер болсақ:

  1. Баспасөз бостандығын шектеу: заң жобасы билікке бұқаралық ақпарат құралдарына сын мен бақылауды шектеуге мүмкіндік туғызуы мүмкін, бұл сөз бостандығына нұқсан келтіруі мүмкін.
  2. Билікті теріс пайдалану қаупі: билік оппозиция мен тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын басу үшін заң жобасын теріс пайдалануы мүмкін.

Кез-келген дүниені теріс пайдаланып зиянын көруге де, оң жағынан пайдаланып, пайдасына кенелуге де болады. Бұның барлығы адамзат баласының өзінің қолында. Қазақстандағы «Масс-медиа туралы» заң жобасы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен сөз бостандығын қорғау арасындағы күрделі ымыраға келуді білдіреді. Оның сәтті жүзеге асуы осы мақсаттар арасындағы тепе-теңдікке байланысты. Мемлекет қауіпсіздік пен әділеттілікті қамтамасыз ете отырып, сыни журналистика мен қоғамды ақпараттандыруды қолдайтын заңнаманы жасауға ұмтылуы керек деп ойлаймын.

Сайлау Әдия Шахмарданқызы

ҚАЗҰУ 4-курс


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз