Өлең, жыр, ақындар

Эпизоотиялық жағдай

Эпизоотиялық жағдай — жасақтар мен халықтың іс-қимылына әсер ететін жануарлардың жұқпалы ауруларының (топалаң, маңқа, аусыл) белгілі бір ортада болуы, таралу сипаты мен дәрежесі. Эпизоотикалық жағдай жұқпалы аурулардың таралу көздері мен жолдарына, табиғи жағдайларға, сондай-ақ мал дәрігерлік қызмет көрсетудің жай-күйіне және халықтың мал дәрігерлік-санитарлық мәдениетіне байланысты. Жасақтардың, халықтың орналасу және әрекет ету аудандарында жұқпалы аурулар тараған кезде қатаң шектеу және карантин шараларын жүргізеді. Дұшпанның жаппай зақымдаушы қаруды қолдануы зақымдану зоналарындағы санитарлық-гигиеналық жағдайларды кұрт нашарлатуы мүмкін, халық пен жануарлар арасында жұқпалы аурулардың пайда болып, тарауына себепші болады, сөйтіп эпизоотикалық жағдайды нашарлата түседі. Мұның бәрі мал дәрігерлік қамтамасыз етуді, адамдар мен жануарлар арасында санитарлық-гигиеналық және сауықтыру шараларын ұйымдастырған кезде, сондай-ақ құтқару және авариялық-шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген кезде ескеріледі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз