Өлең, жыр, ақындар

Білім беру саласындағы коммуникация

Коммуникация қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтиды. Соның ішінде білім беру саласында да коммуникацияның орны мен рөлі бөлек. Қазіргі жаһандану дәуірінде ол, әсіресе айқын көрініс табуда. Білім беру саласында коммуникация әртүрлі мақсатта қолданылады. Соның бірқатарына тоқталып өтейік.

Қазіргі таңда көптеген оқулықтар мен кітаптар электронды жүйеге көшірілген. Оның ішінде мектеп оқулықтары да, доғары оқу орны оқулықтары да, әдеби, ғылыми еңбектер де бар. Бұның өзі білім алушылар мен оқытушылар арасындағы байланыстың кеңейгенін көрсетеді.

Қазіргі таңда білім беру ұйымдары бір-бірімен тығыз байланыста деуге болады. Мәселен, жоғарғы оқу орындарын қарастырайық. Жоғарғы оқу орындары мемлекет ішіндегі және шет елдегі оқу орындарымен тығыз байланыста. Мемлекет ішінде оқу орындары арасында олимпиадалар, конференциялар өткізіледі. Одан бөлек ішкі академиялық ұтқырлық (академическая мобильность) аясында өзара студенттер алмасады. Бұл жоғарғы оқу орындарының бір-бірімен тәжірибе алмасуы үшін және олардың арасындағы коммуникациялық байланыстардың жақсаруына көмектеседі. Мемлекет ішіндегі оқу орындары да шет елдік жоғарғы оқу орындарымен дәл осылай коммуникациялық байланыс жасайды. Академиялық ұтқырлық аясында өзара студенттер алмасады. Одан бөлек магистранттарды ғылыми тағылымдамадан өткізеді. Одан бөлек оқытушылар алмасып, өзара тәжірибе алмасады. Сонымен қатар бірлесіп жобаларды іске асырады.

Кез келген білім беру орындары мемлекеттік органдармен тығыз байланыста. Мысалы Жоғарғы оқу орындары білім және ғылым министрлігімен тығыз байланыста болды. олар оқу процесіне, академиялық ұтқырлық мәселесіне қатысты үнемі өзара коммуникациялық байланыс орнатып отырды.

Соңғы жылдары жоғарғы оқу орындары акционерлік ұйымға айнала бастады. Яғни, ол толығымен мемлекет меншігінде емес, жеке кәсіпкерлердің қолдарына көше бастады. Олар білім беру ұйымдарындағы жобаларды іске асырып, оларға өзара салым салып отырды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз