Өлең, жыр, ақындар

Шоқан - публицист

Иә, Шоқан Уәлихановты көрнекті ғалым ретінде танимыз. Нар тұлғаның өмірлік жолында еткен еңбегі қалың елдің есінде. Ғұмырынын тым қысқа болғанына қарамастан, ел үшін жасаған жақсылығы жеткілікті. Алайда, тұлғаны публицистикалық қырын, жазған мақалалары жайында білеріміз некен – саяқ. Шоқан Уәлиханов публицист ретінде қандай мәселелерді көтерді? Бұл мақалалардан біздің алар құндылықтарымыз қандай? 

Бір елдің болашағы – сол ел халқының әрқайсысын алаңдатуы тиіс. Сол кездегі көп мәселелер  публицист Шоқанды да алаңдатпай қоймады. Тұлға өз мақалаларында ұлттық мәселелерді қозғады. Бірі де бірегейі ретінде “Сот реформасы” атты мақаласын атап көрсетуге болады. 1864 жылы қазақ елін билеу және онда сот жүргізуге патша өкіметінің жасаған өзгерістеріне қарсылық білдіріп, батыл сынға алды.  Мақала басын «Отаным үшін осындай маңызды өзгерістер жасалып жатуына байланысты өзімнің кейбір ойларымды, сот, әкімшілік реформасымен халықты ағарту ісіне байланысты жазбаларымда қазақ халқының, жоғарғы бастығы ретінде жоғары мәртебелісіздің ғұзыпыңызға ұсынуды өзімнің міндетім деп білемін», - деп бастады. Сонымен қатар тілге тиек етіп, көп күшті басқару жүйесіне емес, ағартушылыққа, халықтың қараңғылықтан жарыққа шығуына жұмсау керегін сілтеді. Шоқан Уәлиханов сонымен қатар “Сахарадағы мұсылманшылық туралы” мақаласында әйел теңдігі мәселесін көтерді. Бұл тақырыпта қоғам арасында әруақытта дау туғызатыны бәрімізге мәлім.Кейбір мақалаларында патша өкіметінің тарапынан болған теңсіздік жайлы да сөз қозғайды. «Абылай», «Қырғыздар туралы» публицистикалық мақалаларының да тарих беттерін айшықтауда өзіңдік орынға ие. Сонымен қатар, Шоқан атамыз қоғамдық мәселелерді көтере білді. Мысалы, орыс әліпбиін қабылдау идеясы. Бұл шешім біздің ұлттық мүддемізге, тілімізге зиян келтірмеуі тиіс екендігін бірінші болып айтқан Шоқан атамыз екенін жадымыздан шығармауымыз керек. Қабылдаған күнде қазақ тіліне тән дыбыстарды қосымша таңбалау қажеттігін ескертті. Шоқан атамыз орыстың білімді публицисттерімен араласты, тәжірибе жинай білді. Және сол тәжірибесін ұлттық мүддемен ұштастыра білді. Осы дүние Шоқан атамыздың публицисттік қырының ерекшелігі. 

Әрине, ата-бабалар аманаты біз үшін қастерлі ұғым. Және де оны қастерлеп қана қоймай жасай білу парыз. Шоқан атамыз елдің ертеңі үшін, қоғамның келешегі үшін тер төкті. Мақала арқылы-ақ елдің көзін ашуда, мәселеге шешім ұсынуда жасаған еңбегі бізге үлгі. Мәселені айту жеткіліксіз, оған қоса шешім ұсына білу керек. Бұл дүниені Шоқан атамыздың мақалаларынан үйренсек болады. Отанды сүю, әділдікті ту ету, елге адал қызмет ету сынды құндылықтардың иісі Шоқан – публицисттің мақалаларынан аңқып тұрады. Жүрекжарды бір шумақпен түйіндей келе:

Білім іздеп, қарайлап оңды - солға,
Тер төкті ол, осы бір елдік жолда.
Шоқан ата «нұр» болды елі үшін
Ендігі кезек өскелең біздің қолда.

«Реформа мәселесі қашан да ерекше сақтықты және айрықша терең пайымдауды қажет етеді. Өйткені ол халықтың болу – болмауына қатысты жайларға әсер етуі мүмкін.» дейді бір сөзіңде Шоқан ата. Нар тұлғаның публицистік қыры халыққа  түзу бағыт беру және білімді болуға шақыру. Сонымен қатар, ел  мәселесінде атсалысу деп қорытындыласақ болады. Қазақ жазба публицистикасының негізін салушы ретінде Шоқан-публицистке тағзым ете отыра, үнемі жадымыздан шығармау біздің асыл міндетіміз!

Біржан Ролан


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз