Өлең, жыр, ақындар

Менің Университетім

Сәлем, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университенің болашақ студенті.Осы мақаланы оқып отырсаң өзімнің шағын ғана университетке түсу тарихымды және университетім жайлы жағын баяндап берейін. Мен Айдарұлы Дәурен Жамбыл облысы бойынша Сарысу ауданында шағын орта мектепте білім алған қарапайым бала едім. Осы Университетке түсу менің 9 сыныптан бергі армандап жүрген армандарымның бірі еді. Ал уақыт өте келе 11 сыныпқа келіп Универ және мамандық таңдау кезінде кезіндегі арманымды мақсат қылып, сол мақсатқа жетпей қоймаймын деп өзіме сеніммен карадым. ҰБТ-ға көптеген курстарға қатысып біраз тер төгіп дайындалдым. Нәтижесінде жоғары баллға қол жеткізіп университетке түсуге қол жетімді шекті баллдан асып арманыма қол жеттім. Бұл жетістік ең әуелі Алланың екінші ата-анам үшіншісі жақындарымның қолдауы мен өзімнің ынта жігерімнің арқасында деп ойлаймын. Осылайша Университетте оқып жүрмін. Болашақ студент! Қазақ Ұлттық Университетіне түскеніне мүлде өкінбейсің себебі мұнда студенттік өмір мен білім беру сапасы өте жоғары деңгейде. Өзіннің жақсы жағынды ашып, жаңа ортада жаңа дос табасың. Ұстаздары да студенттері де жылы шыраймен қабылдайды. Алатаудың баурайындағы шырайлы шаһар Алматының төрінде орналасқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ келешекке анық қадам бастырар саналы ғұмырдың бір айғағы секілді. Қара шаңырақтың қол астына жиылған студенттер, магистрантар мен докторанттар талабын қанағаттандыруға барынша жағдайлар жасалған. Әрине мұны ғажайып әлем десе де болар, ең бастысы талай бала кыранның қанатын ұштап, қияға самғатқан студенттер сарайы, тарихы тереңде жатқан ҚазҰУ бір сәтке көз алдына елестететін жеке мұражай, заман талабына сай жабдықталған үш жүз адамдық интернет орталығы, тағысын тағылар, айта берсең толып жатыр. Адамзат баласы осы қиындығы мен қызығы қатар жүретін мынау дүниеде қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да өміріндегі ең бір ұмытылмас кездер университет қабырғасындағы керемет шақтар. Біздің Алатаудай асқақ арманымыз сені Алматы шаһарына, Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне жетелейді! 

Автор: Айдарұлы Дәурен Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университінің -механика-математика кафедрасының 1-курс студенті. Жетекші: аға оқытушы Уразгалиева Светлана Аманжоловна.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз