Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ - мақтанышым!

Қазіргі күнде елімізде көптеген жоғарғы оқу орындары жалынды, жігерлі жастарға әр саладағы мамандықтар бойынша білім беріп жатыр. Солардың ішінде ең үздік білім беру ошақтарының бірі, әрі бірегейі - қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.
Университетіміздің негізі 1934 жылы қаланып, 88 жыл бойы жастарды білім нәрімен сусындатып, нағыз білікті мамандарды даярлап келеді.  Бүгінде университеттің 14 факультетінде 32000 мыңнан астам студент болашақ білікті маман болуға даярланып жатыр. Білім алушыларға барлық жағдай жасалған. Жалпы аумағы 100 гектарды алып жатқан ҚазҰУ қалашығында Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, "Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығы және медициналық орталық, компьютерлік орталық, жатақханалар, Жас ғалымдар үйі, спорт кешені мен стадион, сонымен қатар, мақтанышымызға айналған, ТМД елдеріндегі жалғыз ауқымды "әл-Фараби" кітапханасы  студенттер игілігі үшін жұмыс жасап келеді. Кітапхана сабақ оқуға өте жайлы, көпшілік студенттерге, және маған да ол жерде уақыт өткізген ұнайды,  сабақ оқимыз, оқу залында бір топта, бір факультетте оқитын достарымызбен сөйлесіп, пікір алмасып, бір-бірімізге сабаққа көмектесеміз,  жоғарғы қабатында  конференция залында тағылымды тұлғалармен кездесулер жиі болып тұрады. Тағы айта кететін  жайт, ҚазҰУ қалашығы орналасу жағынан ыңғайлы болуы, білім беру жағының жоғары деңгейі, сондай-ақ жайлы, жылы студенттер үйі мен  қызықты студенттік өмір. Университет аясында студенттердің көшбасшылық, ұйымдастырушылық, достық, жанашырлық қасиеттерін дамыту мақсатында көптеген кәсіподақтар, студенттік ұйымдар, клубтар жұмыс жасайды. Соның бірі, әрі өзіме ыстық "Алтын сапа" интеллектуалды пікірсайыс клубы. Мен алғаш  осы клубқа мүше болып қазан айында кастингтен өтіп, қабылдандым. Клуб студенттердің  пікірсайыс қабілетін арттыруға, өз ұстанымын, пікірін, кез келген ортада, кез келген адамдарға жақсы еркін жеткізуге баулиды. Аға буын(3-4 курс студенттері), орта буындар(2-курс) және жас буын(1-курс) деп аталатын студент жастардан құралған. Мен мұнда келгелі тұлғалық даму үстіндемін десем де болады,  ағалық ақылын айтатын туған аға, әпкедей болып кеткен жанашыр жандар, бірге өскен жақынымдай болып кеткен құрдас достар таптым.  Өзіміздің ораторлық қабілетімізді шыңдаудамыз. Көптеген басқа университеттерде басқа аймақтарда ұйымдастырылатын турнирлерге қатысып,бағымызды сынап, ал аға буындарымыздың жеңістеріне куә болып, сонымен қатар, басқа университет студенттерімен де байланыс орнатып, жаңа таныстықтар, жаңа достар да таптық. Көзді ашып-жұмғанша студенттік шағымыздың алғашқы кезеңі 1-курс оқу жылын да тәмамдап қалдық. Осы уақыт ішінде осындай керемет орта тауып, осыншама мүмкіндіктерге қол жеткізгенім үшін, Қазақ Ұлттық Университетке түскеніме қуанышты  екенімді, және таңдауда қателеспегенімді айтқым келеді.

ҚазҰУ студенті болғаныма мақтанамын!

Абдықалық Айгерім; Жетекшісі: Уразгалиева С.А; әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетінің 1 курс студенті


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз