Өлең, жыр, ақындар

Марапат па, мақтан ба?

Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын бір топ ауылдастарымның наразылығына орай сол кезгі облыс әкіміне әдейілеп хат жазғаным бар еді. Біздің жақтағы ескіден келе жатқан тәп-тәуір қазақша аты бар бір ауылға кезінде колхоздастыру ісіне араласқан, Отан соғысынан оралмай қалған адамның аты берілмек екен. Оған жанын салып жүгіріп жүрген әлгі адамның артыңда қалған, сол кезде белгілі бір банктің тұтқасын ұстап тұрған баласы екен де, бірқауым ағайын-туғаны көтермелей қопаңдасып, қолдау білдіріп жатыпты. Мен ежелден-ақ құлаққа сіңісіп, ел аузында жүрген ауылдың атын жеке бір адамға бола өзгертіп жатудың қажеті жоқтығын дәлелдеп, көптеген деректер келтіре отырып, қарсылық білдірген болдым. Ондағы ойым "байдың асын байғұс қызғанады" емес, Отан соғысынан оралмай қалған 40-50 адамы бар ауылдың өзге де азаматтары арасында наразылық, реніш-өкпе туындап кетпесін дегеннен сақтандыру да еді. Сол шейіт болған адамдардың бәрі де ұмытылмауы тиіс еді, бірақ ауыл атын алып берерлік ауқатты балалары жоқ, бар жазығы сол ғана, сондықтан күні ертең ыңғайсыз сөзге қалып жүрмейік, деген уәж білдірген болатынмын. Оның үстіне жер-су аттарын бұлайша жөн-жосықсыз өзгерте беруге де қарсы көзқарастағы адам екенімді айтқанмын.

Бірақ "жалғыз қаздың үні шықпас", менің хатымды елеп, айтқан сөзімді құлағына қыстырған адам болмады. Бұл күнде көзі жоқ әлгі банкир танысым болса, өле-өлгенше маған қырын қарап, қырғи қабақ қалпында кетті.

Мұның бәрін тәптіштеп несіне айтып отыр дейсіздер ғой? Оған да келейін.

Қазір қазақ жерінде жаппай бір ел мен жер, ауыл мен көше, қала мен қамал атын өзгерту науқаны жүріп жатқан сияқтанады. Мұның өзі, тіпті, күннен-күнге белең алып, бүгінгі тілмен айтқанда, модаға айнала бастаған: "Оу, пәленше де осы өңірдің бір перзенті ғана еді ғой. Тіпті ең озық туған перзенті шығар. Сонда да атадан балаға мирас болып келе жатқан жер атауын сол бір ғана перзентінің атына көшіріп беруіміз қалай болмақ" — дейтін кісі көрінбеді. Бірімен бірі жарысқа түскендей таласа-тармаса баяғыдан келе жатқан, айрықша бір дара қасиетіне орай халықтың өзі қойған аты бар жер-су атауын сол арада туып-өскен ата-баба, әке-шешемізге алып беру жолында жан алысып, жан берісіп-ақ жатырмыз.

Осының себебі неде? Біраз ағайын, сірә, қалыптасып қалған жер-су атын бүгінгі күнге лайықтап өзгерту арқылы елім деп еңіреп өткен ерлердің есімін мәңгі есте қалдыратын боламыз, сол үшін жасалып жатқан марапат-құрмет деп ойлайтын да сияқты. Қазіргі күнде ауыл әкімінен Президент аппаратына дейінгі жер-су, елді-мекен атын өзгертуге азды-көпті қатысы бар мекемелерге бас сұғып көріңізші, "пәлен жерге пәленшекеңнің атын беруді сұраймыз, түген мектеп түгеншекең атымен аталса екен" деген хат-құжаттан аяқ алып жүре алмас едіңіз. Ел тілегі елеусіз қалмасын дейтін болуы керек, бұл күнде әйтеуір аты-жөні ауыл үй, ағайын арасынан әріге беймәлім, дәл қазір арамызда көзі жоқ демесең, сіңіре қойған еңбектері де шамалы ғана адамдарға ауданның, ауылдың, көшенің, мектептің, мекеменің, қала берді мешіттің атын беру әдеттегі іске айналып бара жатыр. Алматыдан аттап шығып кез-келген аудан орталығы, үлкен-кіші ауылға бас сұғып көріңізші, не істеп, не қойғаны ешкімнің есінде ми. адамдардың атына қойылған көшеге барып тірелесіз. Бұл кім еді?" — деп сұрасаң, "Пәлі, қалай білмейсіз, бұл кісі бір кездері осында парторг болды ғой" немесе "бүгінгі ана пәленшенің қайнағасы емес пе, неғып білмей қалдыңыз!" — деп өзіңе кінә таға қарсы тұратындарға кезігерің сөзсіз.

"Апыр-ау қызмет істесе — ақысына айлығын алып отырған жоқ па еді, оның үстіне өз мамандығына лайық жұмыс жасауға тиіс те еді ғой, ендеше оған бола елді мекен, көше аты неге берілуі тиіс? Бұл өзі өлгеннен кейінгі ерлігіне орай беретін награда емес қой, жұрт аузында жүретін не аты, не хаты бар айрықша туған ірі тұлғаларға ғана лайық марапат емес пе еді?" дейтін де ешкім жоқ әзірге.

Рас, жер-су, көше атаулары бұрын да оқтын-оқтын өзгеріске ұшырап жататын. Мен ес біліп, етек жиғалы осы Алматының да қайсыбір көшелері үш-төрт реттен атын өзгерткенін білемін. Бірақ олар көбіне-көп даму мен дәуірлік қажеттіліктен туындайтын еді, яғни белгілі бір идеологияның өзгеруіне қарай жүзеге асып жататын. Үгіті мен насихаты да соған орай жүргізілгендіктен жұрт құлағы да бірте-бірте үйреніп, жаңа атауға дағдыланып кететінбіз. Қазір мүлдем басқаша.

Оның үстіне ауыл-село, әсіресе көше аттары көптің көңілінен берік орын тепкен, үлкенге де, кішіге де танымал, "бұл кім еді тағы да?" — дегізбейтін Абай, Алтынсарин, Шоқан, Махамбет, орыстардан Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Горькийлердің меншігіне тиюші еді. Ел аузында жүрген Иса Байзақовтың елеусіздеу бір сазгерге қарата: "Ондай композитор естісем құлағым керең болсын!" — дейтін сөзі бар еді, сол айтқандай, есімін ел білмек түгілі, ешкім естімеген адамдардың ауқымды бір ауылдың, ұзынды-қысқалы көшенің деп, көптеген деректер келтіре отырып, қарсылық білдірген болдым. Ондағы ойым "байдың асын байғұс қызғанады" емес, Отан соғысынан оралмай қалған 40-50 адамы бар ауылдың өзге де азаматтары арасында наразылық, реніш-өкпе туындап кетпесін дегеннен сақтандыру да еді. Сол шейіт болған адамдардың бәрі де ұмытылмауы тиіс еді, бірақ ауыл атын алып берерлік ауқатты балалары жоқ, бар жазығы сол ғана, сондықтан күні ертең ыңғайсыз сөзге қалып жүрмейік, деген уәж білдірген болатынмын. Оның үстіне жер-су аттарын бұлайша жөн-жосықсыз өзгерте беруге де қарсы көзқарастағы адам екенімді айтқанмын.

Бірақ "жалғыз қаздың үні шықпас", менің хатымды елеп, айтқан сөзімді құлағына қыстырған адам болмады. Бұл күнде көзі жоқ әлгі банкир танысым болса, өле-өлгенше маған қырын қарап, қырғи қабақ қалпында кетті.

Мұның бәрін тәптіштеп несіне айтып отыр дейсіздер ғой? Оған да келейін.

Қазір қазақ жерінде жаппай бір ел мен жер, ауыл мен көше, қала мен қамал атын өзгерту науқаны жүріп жатқан сияқтанады. Мұның өзі, тіпті, күннен-күнге белең алып, бүгінгі тілмен айтқанда, модаға айнала бастаған: "Оу, Пәленше де осы өңірдің бір перзенті ғана еді ғой. Тіпті ең озық туған перзенті шығар. Сонда да атадан балаға мирас болып келе жатқан жер атауын сол бір ғана перзентінің атына көшіріп беруіміз қалай болмақ" — дейтін кісі көрінбеді. Бірімен бірі жарысқа түскендей таласа-тармаса баяғыдан келе жатқан, айрықша бір дара қасиетіне орай халықтың өзі қойған аты бар жер-су атауын сол арада туып-өскен ата-баба, әке-шешемізге алып беру жолында жан алысып, жан берісіп-ақ жатырмыз.

Осының себебі неде? Біраз ағайын, сірә, қалыптасып қалған жер-су атын бүгінгі күнге лайықтап өзгерту арқылы елім деп еңіреп өткен ерлердің есімін мәңгі есте қалдыратын боламыз, сол үшін жасалып жатқан марапат-құрмет деп ойлайтын да сияқты. Қазіргі күнде ауыл әкімінен Президент аппаратына дейінгі жер-су, елді-мекен атын өзгертуге азды-көпті қатысы бар мекемелерге бас сұғып көріңізші, "пәлен жерге пәленшекеңнің атын беруді сұраймыз, түген мектеп түгеншекең атымен аталса екен" деген хат-құжаттан аяқ алып жүре алмас едіңіз. Ел тілегі елеусіз қалмасын дейтін болуы керек, бұл күнде әйтеуір аты-жөні ауыл үй, ағайын арасынан әріге беймәлім, дәл қазір арамызда көзі жоқ демесең, сіңіре қойған еңбектері де шамалы ғана адамдарға ауданның, ауылдың, көшенің, мектептің, мекеменің, қала берді мешіттің атын беру әдеттегі іске айналып бара жатыр. Алматыдан аттап шығып кез-келген аудан орталығы, үлкен-кіші ауылға бас сұғып көріңізші, не істеп, не қойғаны ешкімнің есінде жоқ адамдардың атына қойылған көшеге барып тірелесіз.

Бұл кім еді?" — деп сұрасаң, "Пәлі, қалай білмейсіз, бұл кісі бір кездері осында парторг болды ғой" немесе "бүгінгі ана пәленшенің қайнағасы емес пе, неғып білмей қалдыңыз!" — деп өзіңе кінә таға қарсы тұратындарға кезігерің сөзсіз.

"Апыр-ау қызмет істесе — ақысына айлығын алып отырған жоқ па еді, оның үстіне өз мамандығына лайық жұмыс жасауға тиіс те еді ғой, ендеше оған бола елді мекен, көше аты неге берілуі тиіс? Бұл өзі өлгеннен кейінгі ерлігіне орай беретін награда емес қой, жұрт аузында жүретін не аты, не хаты бар айрықша туған ірі тұлғаларға ғана лайық марапат емес пе еді?" дейтін де ешкім жоқ әзірге.

Рас, жер-су, кеше атаулары бұрын да оқтын-оқтын өзгеріске ұшырап жататын. Мен ес біліп, етек жиғалы осы Алматының да қайсыбір көшелері үш-төрт реттен атын өзгерткенін білемін. Бірақ олар көбіне-көп даму мен дәуірлік қажеттіліктен туындайтын еді, яғни белгілі бір идеологияның өзгеруіне қарай жүзеге асып жататын. Үгіті мен насихаты да соған орай жүргізілгендіктен жұрт құлағы да бірте-бірте үйреніп, жаңа атауға дағдыланып кететінбіз. Қазір мүлдем басқаша.

Оның үстіне ауыл-село, әсіресе көше аттары көптің көңілінен берік орын тепкен, үлкенге де, кішіге де танымал, "бұл кім еді тағы да?" — дегізбейтін Абай, Алтынсарин, Шоқан, Махамбет, орыстардан Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Горькийлердің меншігіне тиюші еді. Ел аузында жүрген Иса Байзақовтың елеусіздеу бір сазгерге қарата: "Ондай композитор естісем құлағым керең бол сын!" — дейтін сөзі бар еді, сол айтқандай, есімін ел білмек түгілі, ешкім естімеген адамдардың ауқымды бір ауылдың, ұзынды-қысқалы көшенің атына ие болып жатқанын көргенде жағаңды ұстауға мәжбүр боласын. Ұлы Жамбыл атамыз құсап, тіпті:

Атыңнан айналайын, Әулие-ата,
болды деп атым Жамбыл болма қапа, —

еп сәл де болса қысылып-кымтырылған ешкім және жоқ, қолынан келгені қонышынан басып-ақ жатыр.

Қысқасы, жер-су, ауыл мен қала, мектеп пен мекеме, кешене мен көшелерді екінің бірінің омырауына қадай салар орденге, не болмаса ата-баба ұранына айналдырып бара жатқан сияқтымыз. Әйтпесе, Қаскелеңді — Қарасайға, Қарабұлақты — Қабанбайға айналдырғаннан не ұттық? Қарабұлақ орта мектебі дегеннен Қабанбай орта мектебі деу құлаққа жұғымдылау естіліп түр ма? Болмаса, аруақты бабамыздың даңқына даңқ қосып, абыройын асырған жері бар ма?

Екеуі де емес. Әйтеуір, елден қалмау, "жұрт сөйтіп жатыр ғой, біз де тоқалдан туған жоқпыз..." деуден туған жалған ұран, жалаң патриотизм.

Ойланып қараңызшы, Қызылқұм, Қызылащы, Ащыбұлақ, Қаскелең, Кеген, Алакөл, Ақсу сияқты толып жатқан қазақы ауылдардың атыңда тұтас бір тарих, ел тағдыры жатқан жоқ па. Сол өңір, сол елдің өткенінен дерек беріп тұрмай ма. Оның үстіне келер ғасырдағы тарихшыларымыз: "Қазақ жеріндегі жер-су атаулары кілең кісі аттарына тұратыны қалай?" — дей қалса, не бетімізді айтамыз.

Осыдан отыз-қырық жыл бұрын Алматының қыз-келіншегі бірінен-бірі қалысқылары келмей, шетінен қара белдік тағынып шыға келгені бар еді. Сонда, ұмытпасам, Оразақын Асқар болуы керек:

Кім білсін, жараса ма, жараспай ма,
Әйтеуір, ел алды деп ала бердік", —

деп бітетін "Қарабелдік" өлеңін жазғаны бар болатын. Бұл да сол сияқты ұраншылдық. Әйтпесе, он-он бес үйлі ауылдағы көшеге Абылайханның атын қоюдың қажеті қаншалық еді?! Ал тарихи тұлғаларымызды, оған қоса әр өңірдің өткен-кеткен айтулы адамдарын әйтеуір марапаттау, арттағыға есімін түсу қажет болып бара жатса — тастан қашап ескерткіш тұрғызайық. Не со кісінің атына мектеп, мешіт, медресе салдырайық. Одан өткен құрмет те, тағзым да бола қоймас еді.

Біздің елде "Тарихи ескерткіштерді қорғау комитеті" бар. Дәл осы іспеттес, сондай мәртебедегі "Тарихи атауларды қорғау комитеті де керек сықылды. Дәл бүгінгі ономастикалық комиссиядан бөлегірек, шын мәніңде жер-су атауларының қалыптасып қалған халық аузындағы атын сақтап қалу жолында күресе білетін комитет болуға тиіс. Сонда, әйтеуір сөзі өтіп, қолы жеткендер ел тарихының өткенінен хабардар ететін көне отауды белінен баса бір-ақ сызып тастап, атасының немесе нағашы апасының атына аударып беруден тиылар ма еді, қайтер еді.

Біз бұл жерде айтпақ ойымызға аса тереңдеп жатпай, бет жағын ғана қалқып өтіп отырмыз. Қалың оқырманның аузына сөз салып көрейік, бәлки, бұл көптің де көкейінде жүрген ой шығар, ендеше үлкен-кіші азаматтар пікір бөлісіп көрмес не екен деп те ойладық.

Әйтеуір, қайталап айтсақ, жер-су аттарын өзгерту марапатқа да, мақтауға да айналмауы керек. Әрбір атаудың атын өзгертуде арғы-бергіге үңіліп, талдап, таразылай келіп, ең соңында екі шоқып, бір қарамай болмайды. Орыстың бір үлкен ақынының "Лишь ты будь зрячим, чувство меры, наш неподкупный проводник" — дегені бар еді, сол айтқандай, не нәрсенің де өлшемі мен мөлшері, шекара-сызық шектеуі болатын еді. Бәріміздің де сол межеден аспай, артық-кем ауытқуларға баспай, жүз ойланып, мың толғана отырып, мұндай ел мүддесіндегі мәселенің "айттым — бітті, кестім — үзілді" дейтін жеке шенеуніктің емес, халықтың ұйғарымымен ғана жүзеге асырылатынын ұмытпасақ дейміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз