Өлең, жыр, ақындар

Көзілдірік

Көзілдірік — көздің көру қабілетін түзеуге арналған ең танымал құралдың бірі. Көзілдірікті ойлап тапқан адам туралы нақты ақпарат жоқ. Бірақ massaget. kz сайтында 13 ғасырдың соңында ойлап табылған делінген. Қазіргі таңда көзілдіріктің әртүрлі түрі бар сонымен қатар линзаларда ойлап табылды.

Мысал келтіретін болсам көздің көруі нашарлағанда тағылатын, күннен қорғайтын көзілдірік, арнайы кітап оқуға, ұялы телефон, компьютер қарауға арналған, жүзуге арналған, жәй ғана сән үшін тағылатын және тағы да басқа түрлері кең тарады.

Жалпы алғанда әр нәрсенің пайдасы мен зияны қатар жүреді. Сол секілді көзілдіріктінде пайдасы болғанымен, өзінің зияндылығы бар.

Зияны егер көзілдірік дұрыс таңдалмаса, көзіңізге кері әсерін беруі мүмкін. Ал тиімсіз тұсы:

• көзілдірікпен емін-еркін қозғала алмау;

• спортпен шұғылдана алмау;

• салқын жерден ыссы жерге кіргенде әйнегі булану;

• жаңбырлы уақытта әйнеге суланып, көруге кедергі келтіру осы секілді тиімсіз тұстары бар.

1) Ендігі кезекте көзілдіріктің түрлеріне шолу жасайтын болсам ең бірінші кезекте көздің көруі нашарлағанда қолданылатын көзілдірік.

Көздің көруі нашарлағанда әдетте адамдар дәрігерге қаралмай, салғырттық танытады. Түбінде ол ұлғайып көзілдірік тағуға тура келеді.

2) Күннен қорғайтын көзілдірік - адамның көзіне түметін ыстық сәуледен қорғайды. Себебі ыстық сәуле көздің көруін нашарлатуы мүмкін сонымен қатар күннен қорғайтын көзілдіріктіде дәрігер кеңесімен таңдап алу керек. Себебі оныңда айтарлықтай зияны бар.

3) Кітап, ұялы теефондар, компьютер, жүзуге арналған және т. б қарауға арналған көзілдіріктерде көз жанарын сақтап қалу үшін шығарылған құрал. Оларды белгілі бір уақыт аралығында тағу керек себебі олардыңда зияны жетерлік.

4) Сәнге арналған көзілдірік-оны қазіргі уақытта пайдаланатын ол жастар. Әдемілік үшін, сән үшін тағуға арналған. Бұл көзілдіріктің зияны көздің айналасындағы теріні қорғамайды.

Сонымен қатар ең танымал құралдын бірі ол - линза. Линзаныда сәндік үшінде, көру үшінде тағады. Оның әртүрлі түстері де бар.

Асем Айосинова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз