Өлең, жыр, ақындар

Имам Бұхари

Имам Бұхари (810-870) — хадис ғалымдарының ең үстемі және әулие. Құран кәрімнен кейінгі ең құнды кітап саналатын «Сахих Бұхари» (Жами ус-Сахих) атты мәшхүр хадис кітабын жазған ұлы ислам ғалымы. Есімі Мұхаммед бин Исмаил бин Ибраһим бин Мұғира бин Бердизбех әл-Жафи әл-Бұхари. Күниесі (лақабы) Әбу Абдуллаһ.

Хадис ілімінде өте жоғары дәрежеде болды. Өз заманында кітап және сүннеттің мағыналарын түсінуде, фиқх ілімінде, ижтиһадта және истинбадта (үкім шығаруда) теңдесі болмаған. Әкесі де хадис ілімінің ғалымы болған. Әкесі жас кезінде қайтыс болып, бауыры екеуін анасы өсіреді.

Имам Бұхари жас кезінен ғалымдардан білім алып, зеректігімен көзге түседі. Алғашқы кезден-ақ хадис ілімін үйренуге құштарлығы байқалады. Онбес жасқа толмай тұрып жетпіс мың хадис жатқа білді. Сонымен қатар бұл хадистер кім тарапынан риуаят етілгендігі және ол адамдардың туған және қайтыс болған күндерін де жатқа білді. Санасының күштілігі соншалықты, бір рет естіген немесе оқыған хадистерін сол сәтте жаттап алатын. Хадис ғылымын үйрену үшін 16 жасынан бастап саяхаттарға шығады. 40 жасына дейін Мекке, Мәдина, Бағдат, Басра, Куфа, Мысыр, Шам т.б. көптеген қалаларды аралады. Барған жерлерінде мәшхүр хадис ғалымдарымен кездесіп, олардан хадис шәрифтер тыңдады.

Хадис шәрифтерді риуаят еткен адамдарды көп зерттеп, діннің әмірлеріне сай болмаған әрекеті бар, мінезінде кемшілігі болған адамдардың риуаяттарын алмайтын.

Имам Бұхари: «Сахих Бұхари кітабын 600000 хадис ішінен таңдадым, әр бірін жазбастан бұрын ғұсыл дәрет алып, екі рәкат истихара намазын оқыдым. Одан кейін жаздым. Бұл кітапты 16 жылда бітірдім»- деген.

Имам Бұхари Самарқандтың жанындағы Хартенк ауылында рамазан айт түнінде қайтыс болды. Қабірі сол жерде.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз