Өлең, жыр, ақындар

Сырым мен Алдар (ІІІ нұсқа)

Сырым тағы да Жайық беріші Алдармен кездеседі.

«Нұралы ханды шабамын дегенің дұрыс. Ол халықтың қас дұшпаны екені рас. Оны шабуың үшін тайың құнан шықсын, құнаның дөнен шықсын», — депті Алдар. Онысы күреске бір-екі жыл әзірлеу керек дегені екен. «Күш жинап ханды шабу үшін рубасы адамдардың аттарын атайды. Солар арқылы қол, қару-жарақ жинап аттанғайсың», — дейді қарт. Аталған ру-басылардың ішінде беріштің Жанбай себен Саржала бар екен.

Оны атағанда Сырым Саржаламен көңілдері қоңырқай болып жүргенін айтыпты. Оның мәнісі былай болса керек. Сырым батыр әкесі Дат қайтыс болған соң, оның сүйегін беріштің бір атақты қорымына қояды. Басына биік етіп белгі соғады. Даттың белгісі алыстан көрінеді, қорым Даттың атымен атала бастайды. Мұны естіген беріштің биі Саржала қырық адаммен барып, Даттың моласын құлатып, тасын ұсатып айнала шашады да, Беріштің моласын сылап-сипап қалпына келтіріп қайтады. Сырым батыр Саржаланың бұл ісіне наразы болып жүреді екен. Соны айтқанда, Алдар: «Саржала екеуіңнің араларыңда болған көңілдің қоңырқайлығы халықтың қас дұшпаны Нұралыны шабуға кесірі жоқ. Өйткені мақсат — жауыз ханды құрту ғой. Ал оны құрту үшін күш біріктіру керек, Саржалаға барып қайту керек. Ол елден қол жинасып көмектеседі», — дейді. «Ақырында қартайып отыр деп ханға қарсы аттанарда, шалыңды ұмытып кетпе, мен де күресіңе өз үлесімді қосамын», — дейді Алдар.

Елден қол жинап болып, Сырым батыр Алдар биге келсе, қару-жарағымен, ат-азығымен жүз жігіт әзірлеп қойыпты. Жинаған қалың қолмен барып Сырым батыр Нұралы ханды шабады. Ұлын рұмға, қызын Қырымға жібереді. Ханның қатын-баласының ішінен тек бір ханымды ел Сырымнан сұрап алып қалады. Оның аты ел «Жұмсақ ханым» дейтін орын бәйбіше (ханым шешей) болса керек. Ал Нұралы хан қашып, Жайық бойындағы казак-орыс байларына барып паналайды.

Оқуға кеңес береміз:

Сырым батырдың шешендік сөздері

Сырымға анасының айтқаны (I нұсқа)

Байбақты Сырым батырдың әкесінің атын Дат деп қоюдың сыры?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер