Өлең, жыр, ақындар

Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр

Баймағамбет сұлтан: «Өзім теңді кіммен құда болам?» — деп, кердері Намаз биден ақыл сұрапты. Намаз би: «Сырыммен құда бол», — депті. Сұлтан айтқандай Сырыммен құда болып, біраз жылдан кейін Сырымның қызын алып келуге балаларын жіберіпті. Екі баласы ел аралап кетіп, құдалыққа артынан кешігіп барыпты. Жолдастары: «Неге кешіктіңдер?» дегенде, «Қазақтар біз үшін жаралған ғой, елден сый-сыбаға жеп қырық отаудың керегесін бояймыз деп кешігіп қалдық», — депті. Мұны Сырым есітіп: «Бұлардың не қазаққа, не бізге достығы жоқ адамдар екен», — деп, қызын бермей қайтарып жіберіпті.

Сұлтан Намаз биге: «Бізді қайткенде татулыққа келтір»,— депті. Намаз: «Сол ағат сөйлеген балаларыңды алдына апарып, аяғына жық, батыр өлтірмес, ашуын басар», — депті. Сұлтан оны істемепті, соның артынша Сырым сұлтанды шауыпты. Сонда Баймағамбет сұлтан:

— А, кердері Намаз-ай,
Ақылы көп сабаз-ай,
Ақылыңды алмаған екем,
Бекер өткен заман-ай! —

деп бармағын шайнапты.

Оқуға кеңес береміз:

Сырым батырдың шешендік сөздері

Сырымға анасының айтқаны (I нұсқа)

Байбақты Сырым батырдың әкесінің атын Дат деп қоюдың сыры?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер