Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ-дың студенті атанған Мөлдір

Журналистика - сан алған ақпараттың ошағы.Бүгін журналисттика факультетіне грантқа түскен, Мөлдірмен сұқбаттасуды жөн көрдім.Түктібай Мөлдір Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Титов атындағы мектептің түлегі.Алтын белгі иегері және “Ұлан”газетінің жас тілшісі.Осы жылғы грант конкурсының нәтижесінде Қазақ ұлттық университетіне, журналисттика факультетіне грантқа түсті. Бүгінгі сұқбатым журналист мамандығын таңдаған оқырмандар үшін көптеген керекті ақпарат ала алады-деп, ойлаймын.Соның ішінде “Ұлан “газетінің оқырмандарына пайдалы болатынына сенімдімін!

- Журналистика мамандығына қызығушылық қайдан оянды? Қандай жағдайлар мамандығыңызды таңдауға себеп болды деп ойлайсыз?

- Көп жағдайда мамандыққа деген қызығушылық бала кезден басталады. Өзімде де солай, мектепте әр шарадан қалмай, белсенділік танытқан ұнайтын. Әсіресе, әртүрлі ақындарымыздың өлеңдерін оқудан жарыстарға барып тұратынмын. Мұғалімдерімде менің бойымдағы қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығымды байқады. Кейін 7-8 сыныпта нақты журналист боламын деп шешім қабылдадым. Бұл мамандықты таңдауыма себеп, мектеп өміріндегі шығармашылық тұсымды дамытуға бағытталған байқаулардан қалмай қатысып жүргенім деп ойлаймын.

- Журналистика дегенде көз алдымызға, радио, толассыз ақпараттар есімізге түседі.Ал, журналистика мамандығы сіз үшін қандай болып табылады?

- Мен үшін журналистика тек толассыз ақпарат алаңы, радио, телебағдарламалар емес, бұл менің өмірлік ұстанымым дей аламын. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін бұл сала қоғамның айнасы секілді. Бұдан бөлек, журналистика десе көз алдыма билік мен бұқара арасындағы байланыс елестейді.

- Жалпы журналисттика мамандығына түсу үшін, ҰБТ-да оқу сауаттылығы мен Қазақстан тарихы пәнінен және шығармашылық емтихан тапсырдыңыз.Жоғарғы нәтижеге жету үшін, Қазақстан тарихы мен шығармашылық емтиханнан қалай дайындалдыңыз?

- Ең басты керек зат – дисциплина. Ол бар жерде нәтиже болады. Күніге бәрін отырып қайталап оқи бергеннен ештеңе шықпайды деп ойлаймын. Бәрін күн тәртібімен орындап әр пәніңе, жұмысыңа бөлек уақыт арнау қажет. Ал, шығармашылық емтиханға ұбт-ға дайындығымнан бос уақытта дайындалып жүрдім. Мақала жазып, жариялауыма көмектескен “Ұлан” газетінің ұжымына осы тұста алғыс білдіремін.

- Журналистика саласына түсетін келесі жылғы түлектерге үш маңызды кеңесіңізбен бөліссеңіз?

- Біріншіден, айналаңыздағы бұл салаға не үшін түсесің деген сөздерін елемеңдер дегім келеді. Себебі, бұл жолда сізгн ешкім кедергі болмауы керек. Екіншіден, ҰБТ-ға дайындықты әрқашанда бірінші орынға қойыңыз, өйткені, сіз үшін сол бір 2 пәннен алатын әрбір баллыңыз маңызды. Үшіншіден, шығармашылық емтиханға дайындық кезінде барынша өзіңіз дайындалуға тырысыңыз. Бұл дайындықты сізге ешбір курс бере алмайды деп ойлаймын.

- Болашақта журналисттика саласына қандай үлес қосар едіңіз?Осыған орай журналисттика мамандығының болашағы бар ма?Өз көзқарасыңызды бөліссеңіз.

- Журналистика – заман талабы. Жыл санап бұл саланың әртүрлі бағыттары ашылып жатыр, сондықтан болашағы жоқ деп айту қате деп ойлаймын. Ал, қосатын үлесіме келсек, халықтың журналистер жайлы ойын өзгерткім келеді. Шындықтың шыңырауына жететін өз ісінің майталманы болып, қазақ журналистикасын биік белеске жеткізгім келеді.

- Әлеуметтік желілерде журналистика мамандығына жайлы бейне материал тарап кетті.Ол жерде журналисттика саласына шығармашылық емтихан тапсыру жөн емес -дейді.Керісінше қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен тапсырған жөн деп тұжырымдады.Ал, журналисттика мамандығына шығармашылық емтихан тапсырған жөн бе?

- Бәріміз білетіндей ҰБТ-да қазақ тілі мен әдебиет комбинациясын таңдайтын талапкерлердің кейбірі журналистикаға да емтихан тапсырып жатады. Меніңше, бұл дұрыс емес. Себебі, әр сала, мамандық жеке дайындықты талап етеді. Сол секілді, шығармашылық емтиханға да жылдар бойы атқарылған еңбекті қажет етеді. Егер, талапкердің арманы журналистика болса тек осы салаға дайындалып, шығармашылық емтихан тапсырған жөн деп ойлаймын.

- Әр мамандық пен саланың өзіндік ерекшеліктері мен қиыншылығы бар.Журналисттика мамандығын таңдайтын түлектердің тұла бойында, қандай табанды қасиеттер болуы шарт?

- Қысқа да нұсқа жауап берсем. Журналист болам деген адамның бойында өз ісіне деген махаббат пен сүйіспеншілік болу керек. Осы екеуі болса бәрі болады.

- Шығармашылық емтихан тапсырушы оқушылар қобылжып, өзін еркін түрде ұстай алмай, өз ойындағы баллды ала алмай жатады.Осы тұрғыда шығармашылық емтиханға барарда, оқушы қалай дайын болып бару керек?

- Емтиханға кірер алдында қобалжуды жеңіп, тек тапсырып болған соң қандай сезімде болатынын ойлау керек. Уайым мен қорқынышты жеңе алмаған адам өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмай қалады. Сондықтан, емтиханға физикалық түрде ғана емес, моральды тұрғыда да дайын болған жөн.

- Мөлдір, ҰБТ өмірдің соңы емес дегенмен де, аз балл алып қалған оқушыларға не деп айтар едіңіз?

- Қазір, көп университеттерде ішкі грант, арнаулы грант секілді жеңілдік түрлері бар. Егер баллдары соған жеткілікті болса, басқа оқу орындарын да қарастырып көруге болады. Ұбт өмірдің соңы емес, ол тек біздің алдағы өміріміз қалай жалғасатынын көрсететін сынақ.

- Мөлдір, егерде журналисттика мамандығына грантқа түспесеңіз, қай саланың майталманы болар едіңіз?

- Жоғарыда айтқандай менің қазақ тілі мен әдебиетіне қызығушылығым жоғары. Мүмкін, филолог немесе қазақ тілі/әдебиет пәнінің мұғалімі болар ма едім. Тарих саласы да өзіме ұнайды тарихшы да болып қалуым мүмкін еді.

- Журналисттика мамандығын шет мемлекеттерде жалғастыруға көзқарасыңыз қалай?

- Көзқарасым жақсы. Себебі, өзге елдермен тәжірибемізбен алмасып, жаңа заттарды үйренген керемет қой. Негізі, бірнеше жыл шет елде білімімді жалғастырып, елге келіп үйренгенімді жүзеге асыру ойда бар.

- Грантқа түсу оңай емес әрине.Журналисттика мамандығына грантқа түсетін келесі жылғы түлектер қандай іс-әрекеттер жасауы қажет?

- Гранттың ауылы ешқашанда алыс емес. Егер өзіңе сенімділік танытып, оқуға бар ынтаңмен кіріссең бәрі де болады. Тек, бір айтар кеңесім, ҰБТ-ға дайындық кезінде курс таңдауда шатыспау қажет. Себебі, алдымен бұл сіздің уақытыңыз, кейін сіз беретін қаражаттың құнына тең.

- Болашақ журналисттерге қандай кеңесіңізді айтар едіңіз?

- Өзім де болашақ журналист болғандықтан, кеңес емес тілек білдірсем. Бізге аманат етілген жаңалық жаршысы атымызды кіршіксіз таза ұстайық, халықтың мұң-мұқтажын сезініп, елдің елеулісіне айналайық. 

- Сұқбатыңызға рақмет!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз