сайыс
ozgetil.kz

Оқуда озат болу үшін бірнеше кеңестер

Бірінші кеңес

Мен сендермен білім алуда үлкен жетістіктерге жету сырларымен бөліскім келеді. Сонымен, егер сен бірдеңені жақсылап меңгеріп алғың келсе, мұны басқа біреуге үйретіп, түсіндіруге тырыс. Сабағын түсінбей жатқан бір адамды таңда (досың, құрбың, сыныптасың, інің, қарындасың/сіңлің), ал егер ондай адам жоқ болса – біліміңді анаңмен, әкеңмен, апаңмен және т.б. бөліс. 

 

Екінші кеңес

«Жоспарлау» дегенді, бәлкім, сен қызықты және еліктіретін дүние деп елестете алмайтын шығарсың. Бірақ білім алу жолында дәл осы жоспарлау сенің сенімді досыңа айналмақ. Жоспарлау адамға бірсарынды, қызықсыз жұмысқа аз уақыт жұмсауға мүмкіндік береді. Күн тәртібін жоспарлап үйрен. 

 

Үшінші кеңес

Барлық істі жасап бітіру мүмкін емес дегенді сөзді естіген шығарсың? Шынымен, қандай да бір жұмысты бастағанда, оның көлемі жайлы ой толыққанды жұмыс істеуге кедергі келтіреді. Кез келген істің ең негізгі түбірін көре біл, сонда жетістікке жетесің. Сабақты жақсы оқып, сәттілікке жетудің басты құпиясы өз табысыңды байқап, соған масаттану деп ойлаймын. Әрине, сенің ілгері қадамдарыңды мұғалімің байқаса тіпті жақсы, бірақ өзің де байқап үйрен. Кейде көп дайындалып, лайықты баға ала алмай қалған кездер болады. Бұл көңіліңе күйбең түсіріп, сәттілікке деген сеніміңді сейілтеді... Бірақ білімділіктің басты нәтижесі – баға емес екенін біз жақсы білеміз, өмірге қажет болатыны – бастағы білім мен тәжірибе. 

 

Төртінші кеңес

Бір парақ қағазға жоғары қарай көтеріліп бара жатқан баспалдақ сал да, күнделікті өз сәттіліктеріңді еске алып, жоғары қарай өрмелеп бара жатқаныңды белгілеп отыр. Ескерте кетейін: жоғары көтерілуге саған төзім мен еңбек қажет, олар бәрін жеңетінін білесің. 

 

Бесінші кеңес

Жаман әдеттер мен олардан арылу керектігі жайлы мұғалімдер де, ата-анаң да, бәрі айтады. Ал мен саған адамның күш-жігерін қажет ететін пайдалы әдеттер жайлы айтпақпын. Біз солардың көмегімен жалқаулығымызды жеңе аламыз, зеріктіретін жұмысты істейміз, білім аламыз, табысқа жетеміз, сол себепті күш-жігерімізді дамытайық.

Есіңде болсын! Жігерін басқара алатын адам ғана еркін адам! Жаман әдеттер мен олардан арылу керектігі жайлы мұғалімдер де, ата-анаң да, бәрі айтады. Ал мен саған адамның күш-жігерін қажет ететін пайдалы әдеттер жайлы айтпақпын. Біз солардың көмегімен жалқаулығымызды жеңе аламыз, зеріктіретін жұмысты істейміз, білім аламыз, табысқа жетеміз, сол себепті күш-жігерімізді дамытайық. Есіңде болсын! Жігерін басқара алатын адам ғана еркін адам! 

 

Үй жұмысын жасаудың құпиясы
Өкінішке орай, үй жұмысын тапсырмайтын мектеп жоқ. Үй жұмысын орындау үшін уақытың мен күшіңді сарп етпей, орынды жұмсауды қалай үйренуге болады? Үй жұмысын орындауда қай сабақтан қиналатыныңды, ал қай сабақты жеңіл орындайтыныңды білетін шығарсың? Бәлкім, кейбір тапсырмаларды орындау үшін ересектердің көмегі қажет болар? Қай сабақтан қиналатыныңды, ал қай сабақты оңай түсінетініңді анықтап алуға тырыс.

Анықтап алған соң, келесі жоспар бойынша әрекет жаса: 
1. БАР ЖІГЕРІҢДІ ЖИНАП ЖАЗУ ҮСТЕЛІНЕ ОТЫР. 
2. ӘР ТАПСЫРМАНЫ ҚАНША УАҚЫТТА БІТІРЕТІНІҢДІ БОЛЖАП, СОҒАН САЙ ӘРЕКЕТ ЖАСА. 
3. «ҚИЫН» ЖӘНЕ «ЖЕҢІЛ», ЖАЗБАША ЖӘНЕ АУЫЗША ТАПСЫРМАЛАРДЫ КЕЗЕКТЕСТІРІП ОТЫР. 
4. ҚЫСҚА ҮЗІЛІС ЖАСА. 
5. ҮЙ ЖҰМЫСЫН ЖАСАП БІТІРГЕН СОҢ, ҚАЖЕТТІ ЗАТТАРДЫҢ БӘРІН ПОРТФЕЛЬГЕ САЛ. 
6. МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ДЕМАЛ!

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (11)

айжан

мен сабақты түн кезінде бірақ боламын неге түсте отырамын

Гулайым

Рахмет

Гулайым

Кенестериниз керемет бурак мен сабакты тек тунде орындаймын колым бос болмайды уйирме болады

Баян

жаксы

Аяулым

Керемет кеңестеріңізге рахмет

Абдумалие

Жаксы бырак бары бырдей есымде калган жок жане сабакты ертерек оку ушн не ыстеу керек

Дилназ

Кеңестеріңізге көп рахмет орындауға тырысамын

Оңлосын Аружан

Өте тамаша

Оңлосын Аружан

Орындауга даиынмын ракмет сіздерге

Аяулым

Тырысамын окып кенестеринизди орындап корем

Мен сенемін

Оңласын Аружан

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)