Өлең, жыр, ақындар

Құнды кітап (ертегі-қойылым)

(ертегі желісі бойынша) 

1) Автор:
— Баяғыда бір Асыл атты жігіт өмір сүріпті.​ Жігіттің ешкімі жоқ екен. Ол ауылда әркімге жалданып, тамағын тауып жүріпті. Бірде Асыл анасынан қалған сандықты ақтарып отырып,​ бір қағаз тауып алады.​ Қағазды анықтап қараса,​ карта екен.​ Сол картадағы сызба бойынша бір үңгірге барып тіреледі.​ Үңгірге кірсе,​ ораулы зат жатады.​
2) Автор:
—Заттың орауын ашса кітап екен.​ Кітаптың алғашқы бетінде жылай жазылыпты:
— Бұл Сиқырлы Кітап.​ Егер кім де кім оны басынан бастап оқымай,​ ортасын немесе соңғы беттерін парақтаса,​ кітаптың сиқыры жоғалады!

Мына сөздерді оқыған Асыл,​ кітаптың алғашқы беттерін оқуға кіріседі.​
Асыл:
— Керемет! Ғажап!​ Бұл не деген құпия кітап?​ Мына жазулар көне грек тілінде жазылыпты ғой?​ Қой мен грек тілін үйренейін?!
3) Автор:
— Сөйтіп Асыл грек тілін білетін тілмаштың үйіне келіп,​ есігін қағады.
Тілмаш:
— Кіре беріңіз!
Асыл:
— Құрметті тілмаш мырза!​ Маған көне грек тілін үйретесіз бе?​ Ақысына — сіздің қызметшіңіз болайын?!
Тілмаш:
— Сен жігіт маған ұнап тұрсың!​ «Үйренемін» деген жасқа,​ қуана үйретемін!​ Бүгіннен бастап осы үйде тұра беріңіз!
Асыл!
— Сізге алғысым шексіз!
3) Автор:
— Осылай Асыл бірнеше айда көне грек тілін таза біліп шығады. Ал Сиқырлы кітаптағы грекше жазуда,​ географиялық зерттеулер жазылған екен.​ ​Асыл сол жазбаларды, түгел жаттап алады.​ Ал​ Кітаптың келесі 100 беті,​ араб тілінде болады.​ Араб тілін меңгеруге қызыққан Асыл,​ ислам ғалымына барады.
Асыл:
— Ассаламу алейкум ғалым мырза! Маған араб тілін үйретіңізші?​ Қосымша әдеп-ахлақ білім де!​ Ақысына сіздің қызметшіңіз болайын?
Ғалым:
— УағалейкумусСалям балам!​ Әлбетте! Қуана-қуана үйретемін!​ Ол үшін қызметің қажет емес.​ Тек жақсы оқысаң болды!
4) Автор:
— Асыл сонда да ғалымға қызмет ете жүріп,​ көркем мінезге құрылған «Жантану» ілімін түгел үйренеді. Ал кітаптың келесі 100 беті,​ жапон тілінде болады. Асыл Жапон орталығына барып,​ бір қарияға жолығады.
Асыл:
— Сәлем бердік ата! Сізден Жапон тілін үйренгім келеді?  Сізге тегін қызмет жасасам, тіл үйретесіз бе?!
Ата:
— Қош келдің,  балам! Қуана-қуана үйретемін! Жүр,  үйге кірейік?!
5) Автор:
— Жігіт атадан жапон тілінде инженерияны үйреніп,  технологияның қыр-сырын меңгеріп алады. Ары қарай кітап қытай тілінде басталады. Базарға барған жігіт, қытай саудагерлеріне жолығады.
Асыл:
— Қайырлы күн, жігіттер! Мен сендерге сатушы болайын? Маған бір ұстаз тауып беріңдерші,  тіл үйрететін!
Екі Қытай:
— Сәлем жігіт. Нихау, нихау!  Жүр барып сөйлесейік?
6) Автор:
— Асыл осылай сауданың да қыр сырын меңгеріп, әрі шебер кәсіпкер болып шығады. Кітаптың соңғы жүз беті ағылшын тілінде жазылғандықтан, жігіт сол қаладағы ең қымбат ағылшын тілі маманына барады:
Асыл:
— Сәлеметсіз бе! Маған ағылшын тілін үйретсеңіз, сізге қалаған ақшаңызды төлер едім?!
Мұғалім:
— Сәлеметсіз бе! Жақсы! Жүріңіз, үйретейін?!
7) Автор:
— Асыл алты ай ағылшын тілінде білім алады. Сөйтіп кітаптың барлық құпиясын шешеді. Әрі өзі жан-жақты білімді, жеті тілді жетік меңгерген маман болып шығады. Оның атағы елге тарап, ханға да жетеді. Бір күні хан адам жіберіп, Асылды өзіне шақырады.
Асыл:
— Ассалаумағалейкум хан ием! Шақырған екенсіз? Келіп қалдық!
Хан:
— Уағалейкумуссалям өнерпаз жігіт! Шаһарымда сен секілді білімді, ғалым жігіттің болғанына қатты қуаныштымын! Мен әлемде теңдесі жоқ үлкен мектеп салдым. Соған әлемнің әр түкпірінен ең оқымысты ғалымдарды жинап жатырмын. Сол тізімде өзің де барсың! Үй-жай, ас-ауқатыңды уайымдама! Еңбек ақыңа күніне бір алтын аласың. Қалай келісемісің?
Асыл:
— Әлбетте Хан Ием!  Сіздің дегеніңіз болсын!
8) Автор:
— Содан бері Асыл есімі елге белгілі ғалым атанып, ғылымға көп үлес қосыпты. Ал Сиқырлы Кітаптың сиқыры — даналыққа баулыған құпиялығында екенін Асыл соңында бір-ақ түсініпті!
«Кім білім жинайды,
Ешқашан кедей болмайды!
Кім білімге уақыт қимайды,
Сол түбінде сорлайды!»

Гүлмекен Қасенбай


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Алма

Пайдама жарады, рахмет!

gumakanapia

Ұнағанына қуаныштымын! 

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз