Өлең, жыр, ақындар

Сандар сөйлесін: Қазақстанда ерлер көп пе, әйелдер ме?

Қазақстандағы әйелдер саны ерлер санынан басым. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша олардың саны жарты миллионға (536,3 мың адамға) артық болды.

Пайызбен айтар болсақ, ерлер үлесі — 48,6% (9 324 840 адам), әйелдердікі — 51,4% (9 861 175 адам). Алдыңғы санақпен салыстырғанда ерлер саны 1,6 млн, әйелдер 1,5 млн артқан. Яғни елімізде 1000 әйелге 946 ерден келеді. Сарапшылардың сөзінше, демография ерекшеліктеріне байланысты 36 жасқа дейінгі ер адамдар саны әйелдерге қарағанда көп, содан кейін ғана олардың саны арақатынасқа салғанда азая бастайды (36 жастан асқан әйелдер саны 736 мың адамға көп). Бұл ретте ерлер әйелдерден тек екі өңірде — Қызылорда және Түркістан облыстарында көп, онда 1000 әйелге сәйкесінше 1006 және 1027 ер адамнан келеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз