Өлең, жыр, ақындар

Науан мен Қойшыбай

Қалмақ руы, қыпшақ тайпасы Байсеке батырдың баласы Қойшыбай он екі жасында бір байға қойшы болып қой бағып жүргенде, ала құйындатып шауып келе жатқан біреуді көреді. «Әлгі келе жатқан адам еңкейіп екі жағынан да кезек құм уыстап шаша отырып, сол бойымен маған келіп: «Бұл кімнің қойы, ауылың қайда?» — деп сұрады, мен ауылдың жөнін көрсетіп қала бердім, шаба жөнелді. Ол адамның өңі жас та, тұлғасы мен түрі батыр сынды. Артынан қойды айдап келсем, әлгі кісі байдың үйінде (бай ақсақал адам еді) ертек айтқызып тыңдап отыр екен. «Батыр қуып келіп жауын таба алмай қалыпты» деп бай ақсақал ертектің аяғын тоқтатты. Сонда әлгі жігіт:

— Жауы қайда жан сақтап қалыпты? — деп сұрады.

— Мына секілді кебежеге кіріп кетіпті, — деді ақсақал.

Бұл секілді кебежеге кіріп кетсе, неге шауып жібермеген?— деп жігіт қылышымен шалдың кебежесін екі бөліп тастайды. Артынан сұрастырып қарасам, бұл кісі Наурызбай екен. Сонда Науан он екі жасында менімен түйедей құрдас екен», — деп әңгімесін бітіреді екен Қойшыбай батыр.

Оқуға кеңес береміз:

Наурызбайдың қарындасы

Наурызбайдың жолбарысты өлтіруі

Құрманқұлдың Наурызбайдың ерлігіне риза болуы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз