Өлең, жыр, ақындар

Наурызбайдың жолбарысты өлтіруі

Бір күні бір шал баласымен қамыс қиып жүргенде, шалдың қасындағы баласын жолбарыс жарып тастайды. Шал қашып құтылып Наурызбайға келіп айтады: «Жолбарыстан кегімді алып бер, егер әлің жетпей тырнағында қалып қойсаң, жаныңа бақыл бол», — дейді.

Наурызбай: «Құп, болады» деп қасына сегіз жігіт ертіп, тауға жолбарыстың жатқан жерін мезге», — дейді. Шалдың мезгеуімен жақындау келген кезде сегіз жігітті найзаларын жолбарысқа туралатып қаз-қатар жүргізеді. Егер жолбарыс қарсы шапса, найзаға шаншып көтеріп аласыңдар дейді де, өзі екінші жағымен озыңқырап кетеді. Бір уақытта жолбарыс келе жатқан сегіз көкжалды көріп, оларға қарсы шауып атылады. Жолбарыстың зәріне шыдамай жігіттер аттарының басын кері бұрып найзасын қисайтып жібереді. Бірақ атылған жолбарыс жігіттерге жете алмай, омақаса құлайды. Аздан кейін жігіттер кері айналғанда жолбарыстың екі бөлініп жатқанын көреді. Үйткені сол екі арада Наурызбай Ақауыз атпен ағызып келіп, жолбарысты белден бөліп кеткен екен дейді.

Оқуға кеңес береміз:

Жалбыр батыр (І нұсқа)

Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)

Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз