Өлең, жыр, ақындар

Ағыбай Олжабайұлы туралы

Кенесары, Наурызбай, Бала би Досбол, Басықара және басқалары жиналып отырғанда, Ағыбай Кенесарыға айтыпты:

— Біздің қолдың ішінде орнатылмаған бір жоба бар, егер бірін-бірі өлтірсе, соған құн кесу керек, — дейді. Сонда Кенесары айтыпты:

— Ердің құны елу түйе болсын, — деп. Ағыбай:

— Bә, тақсыр, алдияр, хан қараша қазақтың құны кесілді, енді төренің құнын кесу керек. Кенесары Ағыбайдың бетіне тесіле қарап, жаман көзімен үндемеді. үшінші ретте ашуланыңқырап суық түрмен қарап еді, «Күсі төренің құны жүз түйе құныкер әрі таңдамалы қыз, қалы кілем, қара нар болсын».

— Bә, төре, жақсы айттыңыз, сіздің ағаңыз Бопының құны да осылай, — деп. Кенесары ашулаңқырап түксиіп отырады.

Бала би Досбол айтыпты:

— Ей, ағаке, төрені өлтіремін деп пе едің?

— Ағыбай ашу келсе, төресі не, қарасы не, ретін білсін, — депті. Қолынан ешнәрсе келмейтін Бопы сықылданған жаман төрені көрсем екен.

Ағыбай:

— Ұрғашының құны қандай? Кенесары:

— Қалың мал қандай болса, құны сондай, жиырма жеті бас жақсымен деген, басы жақсы деген байлар қырық жеті қарамалының үстіне бес-он, жиырма төрт, отыз түйе артық төлейді. Бағызыда бір байлар жүз-жүзден мал береді.

Оқуға кеңес береміз:

Наурызбайдың қарындасы

Наурызбайдың жолбарысты өлтіруі

Құрманқұлдың Наурызбайдың ерлігіне риза болуы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз