Өлең, жыр, ақындар

Көтібар батырдың асы

Көтібар батыр өлерінде балаларына өсиет айтып: «Менің асыма үш жүзді түгел шақыр, кімнің аты бәйгеден келсе, аттың бас бәйгесін бөлек, менің бәйге Күреңімнің жабуы мен өзімнің қарашолақ наркескенімді сол ат иесіне ерекке бер», — деген екен. Кенесары бастаған арғын елі асқа барып, Ағыбайдың Ақбесті атын бәйгеге қосып, үш жүз аттың алдында жеке келген екен. Атасының өсиеті бойынша бәйге Күрең аттың жабуы мен наркескен қара шолақ қылышты Ағыбай батырға берген екен. Мұны Кенесары естіп: «Көсеге баршы ерегінің бірін берсін», — дейді.

Көтібар батырдың асы

Ағыбай: «Аттың бас бәйгесі айғыр үйірі қысырақ, масаты кілем жапқан тайтұяқ жамбы, мойнында тұмары бар қара бұйра нар, тағы-тағылар. Кенесары хан қолында емес пе, бұл еректі бермеймін» десе, Кене хан және біреуді жіберіп: «Көсе, дүниеқор емес еді ғой, қалай бермеді?» — дегізеді.

Сонда Ағыбай батыр ашуланып: «Бас бәйге қолында, бір желдік пен бір кездік Ағыбайдың қойыны мен қонышына сыймайды деп отыр ма, бермеймін!» — деген екен. Өйткені: Көтекең: «Осы еректі алған адамды менің әруағым қоса жебейді, өзі де кем кісіге кез болмас!» — депті. Сөйтіп, Ағыбай батырға екі ердің әруағы қонып «Ақжолтай» атанады, үш жүзге аты түгел жайылған ер болады.

Оқуға кеңес береміз:

Наурызбайдың қарындасы

Наурызбайдың жолбарысты өлтіруі

Құрманқұлдың Наурызбайдың ерлігіне риза болуы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз