Өлең, жыр, ақындар

ҰБТ-ға сапалы дайындалуға арналаған лайфхактар…

Ең біріншісі, дұрыс бағыт. ҰБТ ға дайындалып жатқан түлектерге ең бастысы айтатын кеңесім өздеріңізге ұнайтын өздеріңіз қызығатын мамандықты таңдаңыздар. Егерде сіздер өз мамандықтарыңыз бойынша жұмыс жасағыларыңыз келмесе қызығушылықтарыңыз төмен болса дайындалуғада мотивация шабыт мүлде болмайды. Ата-анаңыздың айтқанымен ғана дайындалатын болсаңыз, ол дайындығыңызды сапалы болады деп ойламаймын. Себебі сізде мотивация, қызығушылық жоқ.

Екіншісі, әрине жиі айтылатын уақыт мәселесі өте маңызды. Уақытыңызды барынша тиімді пайдаланыңыз. «ҰБТ-ға 1 ай немесе 1 апта қалғанда дайындаламын» деп жүре берсеңіз нәтижеңіз оң болмайды. Себебі: бүкіл сабақты бір күнде оқу, сан түрлі сұрақтарға бір күнде жауап табу мүмкін емес.

Үшіншісі, еріншектікті азайту. «Еріншектің егіні піспес» деп Қазақ мақалы бекер айтылмаған. Егерде дайындық барысында еріншектік танытып оқуыңызды ертеңге қалдыра берсеңіз егініңіз піспейді, яғни дайындығыңыз сапалы болмайды. Еріншектікті доғарудың ең жақсы жолы, болашағыңызды елестете білу. Өзіңізге «бүгін ерінбесем, болашақта мені қандай жетістіктер күтіп тұр?» деген сұрақты қою арқылы алдыға жетелеу.

Төртіншісі, қатемен жұмыс жасау. ҰБТ ға дайындығыңыз сапалы болсын десеңіз 2 аптада 1 рет болсын пробный тест тапсырып отырыңыз. Пробныйдың арқасында дайындығыңыздан прогресс байқайтын боласыз. Қателескен сұрақтарды зерттеп, міндетті түрде қатемен жұмыс жасаңыз. Бір жіберген қателікті екінші рет жібермеуге міндеттісіз.

Бесіншісі, денсаулық. ҰБТ уақытысында көптеген түлектер сары уайымға салынып өз денсаулықтарына көңіл бөлмеудің арқасында стресс, депрессияға түсіп кетіп жатады. Денсаулықтың бұзылғаны, сіздің дайындығыңызға 100% ға әсер етеді. Сол үшін тек оқу-оқу демей спортпен шұғылданып, уақытылы ұйықтап, арасында серуендеп өзіңізге демалыс беріңіз. Уайымға салына бермес үшін энергияңызды арттыратын арнайы витаминдер қабылдасаңызда болады.

Дана Нұрханқызы Түркістан облысы Кентау қаласы С.Қожанов атындағы 9 мектептің 11 «А» сынып оқушысы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз