Өлең, жыр, ақындар

Лудомания

Мыңдаған Қазақстандық ақшаларын құмар ойындарға тігіп, ұтылып, тағы ойнап, тағы ұтылып, өз ақшасы таусылған соң несие алып оны да қолды қылады. Кейін банк несие бермеген соң үйінен ұрлай бастады. Бірақ букмекерлік ойынханаларға салған ақша, құмға құйған судай боп ақыры бәрі жер сипап қалады. Ондай ойындарға бәс тігетін адамдар көлдегі балық секілді, жіпке ілінген нанды, құртты жеймін деп ақыры өзінің аузы ілініп өзгенің жемтігіне айналады. Нетижеде не болады дейсізғой, миллиондаған қарыз, отбасында береке жоқ, жақын адамдарының көңілін қалдырған, тіпті өзіне өзі қол жұмсап жатқандары да аз емес. Құмар ойындарға әбден тәуелді болған адамдарды – лудоман дейді, ал, бұл ауру түрін – лудомания деп атайды. Лудоманияны араққа, есірткіге тәуелді адамдардың қатарына жатқызуға болады және мұның емі де өте күрделі жүреді.

Құмар ойындар қатарына спортқа ұтыс тігу, казино, онлайн казино, азық-түлік дүкендеріндегі неше түрлі автоматтар және крипто лудомания жатады. Елімізде лудомандар саны 350 мыңға жеткен және жыл сайын артып барады. Еліміздің әрбір 19 шы тұрғыны лудоман. Әрқайсының қарызы 1 миллионнан 10 миллионға дейін жетеді. Бұл дерт қаншама отбасылы жұптың айрылысуына себеп болды.

2022 жылғы статистика бойынша Қазақстандықтар театрға 21,2 млрд теңге, киноға 14,5 млрд теңге, циркке 1,1 млрд, концерттік бағдарламаларға 13,5 млрд теңге жұмсаған болса, құмар ойындарға 450 миллиард теңге құртқан. Бұл 2022 жылғы Шымкент қаласының жылдық бюджетімен папа-пар.

Елімізде букмекерлік компаниялардың жарнамалары көше бойында, алаңдарда, аэропортта, вокзалдарда, неше түрлі баннерлар мен сауда орындары, онымен қоса ең биік ғимараттардың үстінде орналасқан.

Ойынқұмар, тәуелді болып қалғандардың көбі жәй, қызығушылықпен бастап көріп, ақырында торға түскен шымшықтай бұратылып, шыға алмай қалады. Ең дұрысы, мұндай істен барынша аулақ болу, бастамау.

Лудоманияны емі

Лудомания ол психикалық ауру. Демек ең алдымен психиканы түзеу керек. Бәлендей проблемаларды басқа жолмен шешуді ойластырып. Босқа ақша шашпай оны бір пайдалы затқа жұмсау. Мысалы адам марка, конверт, кітап жинауы мүмкін. Сонымен әуес болып ойынды ұмытуы мүмкін.

Бір әуестіктен басқасын тауып арылуға болады. Мысалы казинодан отырмай далаға шығып серуендеуге болады. Не спортзалға барып ауыр затты көтеруге болады. Бассейнге барып шомылуға болады. Сол жерде күн сайын өз жетістіктерін қағазға жазып өзімен өзіңіз жарысы аласыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз