Өлең, жыр, ақындар

Сарыағаш шипалы суының тарихы

Пайдалы қазба-табиғи, баға жетпес байлық. Ал сол байлықты жоғалтпау міндет. Кей өңір көмірімен, кейбірі мұнайымен, тағы бірі алтынымен мақтанады. Ал Сарыағаштықтар шипалы суын жер көкке сыйғызбайды. Сан ғасырлар бойы сақталып келе жатқан бұл емдік судың қасиеті оның жұмсақтығында. Кездестірген екі адамның бірінен қайда барғың келеді деп сұрасаңыз, осы Сарыағашты айтады. Расымен де, бұл емдік судың қандай қасиеті бар екен?  

Аталып отырған шипалы су қаншама ауруға ем. Ішсең ағзаң тазарады. Шомылсаң терің рахаттанады. 2020 жылғы есеппен алғанда ем алуға шет жақтан 85 мың адам келген екен. Демек 85 мың емделуші шипа тапты деген сөз.

2022 жылғы есеппен алғанда, елімізде жалпы 172 емдеу-сауықтыру орталығы болса, соның 72-сі Түркістан облысында болып көш бастап тұр екен. Ал қазіргі есеп бойынша, Сарыағашта 53 шипажай көпшіліктің қуанышына себеп болып жатыр екен. Бұл дегеніміз нені аңғартады. Әрине, біздің осы шипалы суымыздың арқасында туризм дамып жатыр. Өзіміздің елдің адамдарымен қоймай көршілес мемлекеттерден де ем іздеп келіп жатқандар аз емес. Ал туризм дамыды дегеніміз-жұмыс күшін талап етедіден сөз. Демек, біраз адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. 

Дегенмен, оның емдік қасиетімен қатар, ішу ережесі де бар. Мысалы, диагнозға байланыстысуды таңғы, түскі, кешкі ас алдында ішу қажет. Сонымен қатар, оның ішілу жылдамлығына да мән беру қажеттігін ескерген жөн. 

Баяғыда бұл судың қасиетін жоққа шығарған кезде, қолданыстан шығару керек деген кезде Дінмұхаммед Қонаев келіп бұл суды қолданысқа енгізбесек, қолымыздағы байлықтан айырылып қаламыз деген екен. Яғни сол кезде Д.Қонаев Шымкенттен жұмыс күшін алдырып, санаторий салуға басшылық етпегенде шипалы судық қасиетін білмей қалуда әбден мүмкін еді.1958жылың 30 қарашасында атамыз «Ескі курорт» деп аталатын талаптарға сай емес сауықтыру орнына келіп, бұл жобаның маңыздылығын түсініп, халықтың игілігіне жаңа жобаны бастауы үлкен сауап іс болды десек артық айтпаймыз. Осылайша, арадан бір жыл өтпей Қонаев жанына Рыжков деген кісіні ертіп әкеліп жаңа жобаның құнын есептетіп, «Үлкен Сарыағаш» деген атпен «Ескі курорттан» 1,5 шақырымдай солтүстікте, Келес өзенінің сол жағалауына жақын жерден жаңа құрылыс бастады. 1963 жылдың 16 қарашасында шипажайдың алғашқы үш корпусы мен минералды су емханасы бітіп, жұмысқа кірісті. Міне көріп отырғандарыңыздай Сарыағаш шипажайларының пайда болуына, дамуында Дінмұхаммед Қонаевтың алатын орны бар екенін айтуымызға болады. 

Сол бір 1950 жылдары ұлы жазушымыз, Мұхтар Әуезовтың өзі Сарыағаш шипалы суы туралы: «Бүкіл Одақ көлемінде жерден шыққан минералды сулар көп болғанымен Боржомға жетер су жоқ. Ал Сарыағаштың суы сол Боржомның дәмділігі жағынан да, емділігі жағынан да артық болмаса кем емес» – деп, айтқаны бар екен. 

Бұл айтып отырғанымыз  ХХ ғасырдың екінші жартысы. Ал бірінші жартысында Сарыағаш суының жайы не болған екен?

1946 жылы Азия мұнай барлау тресінің атақты геологы А.А. Апшеренов  қара алтын іздеп жүріп, бұрғылау барысында  атқылаған ыстық суды шығарады. Бұл жер Келес өзенінің оңтүстік бетіндегі Кереге тас маңынан 1,5 шақырым қашықтықта еді. Ауыл тұрғындары мөлдір, таза суды көріп, күмәнсіз қолданысқа енгізеді. Бірақ қарапайым су тұрғындардың сырқырап жүрген аяқ қолдары, асқазандары, ішек құрылыстары, жаралары жаймен жазыла бастайды. Мұндай ғажаптың бар екенін білген жұрт құр қарап жатпасы анық. Жан-жақтан адамдар ауруларына шипа іздеп келе бастаған екен. 1949-1959  жылдары Н.А. Семашко атындағы курортология және физиотерапия ғылыми зертеу институттарының ғалымдары бұл суға зерттеу жүргізе отырып, оның минералды емдік су екенін, асқазан, ішек, бауыр, бүйрек, буын, кейбір тері ауруларына, кәсіби улануларда шипалығы мол екендігін анықтаған. Осыдан 1951жылы сол жерден ерлер мен әйелдерге арналған бөлек-бөлек бассейн ашылып, ондағы емделушілерді маман А.С. Соколов қадағалап, зерттеулер жүргізген. Міне, осындай тарихпен қазіргі Сарыағаш шипалы суының емдік қасиетідамып, қазіргі күнде көп халықтың қуанышына себепкер болып жүр. Осыдан,

-  «Жазира жерің қандай,

   Жайдары елің қандай,

   Шипалы суың балдай» – деген сөз де бекер тарамаса керек.

Болат САЙЛАН, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, т.ғ.д.
Қапбар Қарлығаш, 1-курс студенті  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

лаура

емдік қасиеті барына сенемін

лаура

сен арқылы білмеген мәліметтерге ие болдым.Өте қызық.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз