Өлең, жыр, ақындар

Наурызға тілек

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын,
Үйіміз шат күлкіге, әнге толсын,
Жылына бір рет келер бұл мереке
Әкелсін дастарханға құт - береке!

Бұл күні теңеледі күн менен түн
Құлаққа естіледі жағымды үн
Әкелсін тек қуаныш Наурызымыз
Бас аман, болсын бүтін бауырымыз!

Бұл күні қырғын - шайқас тоқтатылған
Бір - біріне жақсы тілек айтылған
Бұған дәлел Фирдоусидің «Шахнамасы»
Жоқ оған ешкімнің де таласы

Қанға сіңген қонақжайлық қасиет
Кісі келсе «Қырықтың бірі – Қыдыр» - деп
Дастархан жайып, жарқын жүзбенен
Күткен екен шын көңілмен, ақ ниет.

Сары майын қарынға салып баптаған,
Жал - жаясын түтінге салып қақтаған
«Ұзын Сары келгенде жейміз ғой» - деп
Бар тәттісін кейін қойып, сақтаған.

«Наурыз көже» маңдайларын жібіткен,
Даладай дархан, көңілдері неткен кең!
Бұл күннің қасиетті саналуы,
Самарқанның көк тасын да еріткен.

Қыдыр ата Наурыз түні аралайды даланы
Бесіктегі жылаған, тербетеді баланы
Кездейсоқта көзі түскен адамдарға
Дарытып дәулет, басына бақ қондырады.

Уақыт ғана бізге әділ таразы
Таусылмасын бұл өмірдің базары
Түссін бізге Қыдыр ата назары
Қазағымның жұлдызы әлі жанады.

Жақсылықтың жаршысы – Қыдыр ата,
Беріңіз бар қазаққа мықты бата.
Заманымыз тыныш болып, Қазақстан,
Жеңістерге жете берсін, әрбір таң!

Көктемді қанатына ілестірген
Пейілін Адамзаттың кеңіттірген
Тойлары дөңгеленген дүниенің,
Ұзағынан болсын деп, сүйінемін!

Гульнар Хабаева

Назар аудар:

22 наурызға арналған құттықтаулар, тілектер

Наурыз — жыл басы

22 наурызға арналған өлең жолдары, тілектер

Наурыз туралы өлеңдер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз