Өлең, жыр, ақындар

Оразаны бұзатын нәрселер

— Қателесіп бұзу.

— Тамағына қар және жаңбыр кетіп қалу.

— Зорлап бұздыру.

— Мұрынға сұйық дәрі құю.

— Мұрнына иіссу жағу.

— Муқим кезде (сапарға шықпай тұрып) бастаған оразасын сапарда бұзу.

— Басқа адам шеккен темекі түтінін өзі қалап иіскеу

— Құлақтың ішіне дәрі тамызу.

— Терідегі жараға жағылған дәрінің ішке кіруі.

— Денеге инемен (укол) дәрі егу.

— Өз қалауымен өзін қинап ауыз толтырып құсу.

— Тісі қанаған немесе тісін жұлдырған кезде аузындағы қанды жұту немесе түкірікпен бірдей мөлшерде аралас қанды жұту.

— Сәре уақытының біткенін білмей ішіп-жеу.

— Күн батты деп ойлап ауыз ашып жіберу.

— Тістердің арасында қалған ноқат үлкендігіндегі нәрсені жұту.

— Ауырған тісін укол салдырып, жұлдыруға мәжбүр болған адам ораза бұзылғандықтан жеп-ішсе тек қаза етуі керек.

— Дәрет алғанда аузына су кету.

— Қағаз, тас, мақта, шөп, піспеген күріш сияқты дәрі және азық болмаған нәрсені жұту.

— Ораза тұтып ұйықтап жатқан кісінің аузына біреу су құйса, бұзылады.

— Ораза екенін ұмытып жеген кезде ораза бұзылды деп біле тұра жеуді жалғастыру.

— Рамазанда таңға дейін ниет етпей кейіннен ниет етіп ораза тұтуды бастаған соң түстен бұрын немесе кейін оразасын бұзу.

Бұлардың барлығында ораза бұзылады және айттан кейін бір күннің орнына тек бір күн қазасын тұтып береді.

Оқуға кеңес береміз:

Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз