Сұрақ: Қандай жағдайларда ораза тұтпауға рұқсат беріледі?
Жауап: Ораза тұтпауға рұқсат берілген жағдайлар мыналар:
Ауруға шалдыққан немесе ораза тұтқанда ауруы асқынатын кісі ораза тұтпайды. Тұтқан болса, аша алады. Ауруға қарайтын кісі де ауру үкіміне жатады, яғни науқасқа қарауда қиналатын болса, тұтпауға болады.
104 км алысқа сапар шеккен кісі 15 күннен аз қалатын жерінде сафари (жолаушы) болады. Жолда қиындық туындаса, жұмысына кедергі болса немесе қазаға қалатындай бір жағдайға тап болса, оразасын қазаға қалдыру рұқсат болады.
Өзіне немесе баласына бір зияны тиетін болса, екіқабат және емізулі баласы бар әйел ораза тұтпайды. Хадис шәрифте:«Аллаһу та'ала екіқабат әйелмен емізулі баласы бар әйелдің ораза тұтпауына рұқсат берді, оразасын кешіктірді» делінген. (Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи).
Қатты аштық немесе шөлдеуге тап болып, өлім қауіпі немесе талып қалу не ауырып қалу жағдайына жолыққан кісі оразасын аша алады.
Өте қарт кісі ораза тұта алмайтындай күйде болса, тұтпайды. Егер күш жинау мүмкіндігі де болмаса, тұтпаған күндері үшін фидйа береді. 30 күннің фидйасы 53 кг ұн.
Ораза тұтқан адам «оразаңды ашпасаң өлтіремін немесе бір жеріңді кесемін» дегенге ұқсас сөздермен қорқытылған болса, қорқытқан адам күшті болса, әзілдемеген болса, оразасын ашуы күнә болмайды.
Рамазан шәриф айында ораза тұту үлкен сауап. Ешқандай себепсіз ораза тұтпау да үлкен күнә болады. Хадис шәрифте пайғамбарымыз: «Себепсіз Рамазанда бір күн ораза тұтпаған кісі оның орнына жыл бойы ораза тұтса, Рамазандағы әлгі бір күндік сауапқа жете алмайды» (Тирмизи).
Оразаға қатысты пайдалы мәліметтер
Жапон ғалымы Оразаның пайдасын дәлелдегені үшін Нобель сыйлығын алды
Сан түрлі дерттің шипасы — құрма
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жансая
Ораза құтты болсын!
Арыстан
Оразаларыңыз қабыл болсын!
Лаура
Мақаланы оқыған соң, жүрегім жай тапты ғой! Рамазан кезінде "ораза тұтпайын деп жүргендерге" нақты, дәлелді жауап беріп тұр екен. Bilim-all.kz-дің осы сериясы қатты көмекші болып жатыр.
Мақалада ауру, сапар, жүктілік/емізу, қатты аштық/шөл, кәрілік, тіпті қорқытылу сияқты жағдайлардың бәрі анық жазылыпты. Әсіресе екіқабат әйелдер мен емізетін аналарға қатысты хадис келтірілгені ұнады — Аллаһтың рұқсаты бар екенін білу жеңілдік береді. Кәрілерге фидйа беру (53 кг ұн сияқты) туралы да нақты мысал бар, енді шатастырмай-ақ түсінеміз.
Себепсіз ораза тұтпаудың қаншалықты ауыр күнә екенін еске салғаны да дұрыс — жыл бойы ораза тұтсаң да сол бір күннің сауабын толық алмайсың деген хадис ойландырды. Бірақ рұқсат етілген жағдайларда кінә жоқ, қаза тұту немесе фидйа беру жолы бар екенін ұмытпау керек.
Bilim-all ұжымына алғыс! Осындай маңызды, ислами негіздегі мәселелерді қарапайым тілмен түсіндіріп жатқандарына рахмет. Рамазан айында осындай мақалаларды жиі шығарып тұрсаңыздар, көп адамға пайдасы тиеді. Әркім өз жағдайына қарай оқып, дұрыс шешім қабылдасын!
Міндетті түрде сақтаңыздар, достарға да жіберіңіздер — біреудің жүрегі жеңілдеп қалар.