Ертеде бір жігіт үйленеді. Өлмелі ауру анасы бар екен. Оны әйелі жақтырмайды. Өлсе екен деп тілейді. Күйеуіне:
— Анаң әбден бәле болды. Онан қалай құтыламыз? — дейді.
Жігіт анасын жақсы көреді екен, өлмесе игі еді деп тілейді.
Әйеліне:
— Онан құтылу оңай: күнде майға өкпе-бауыр қуырып бере бер, сонда ол өзі-ақ өледі, — дейді.
Әйелі аңқау екен. Күйеуінің айтқанын істейді. Кемпір ауруынан айығып кетеді.

"Аңқау әйел"деп не былжыраған қайдағы аңқау арам әйел деу керек. Әңгіме толық жазылмаған. Қысқада нұсқа. Жас отбасы. Аурушаң ана. Зымиян келіннің әрекеті. Күйеуіннің соғысқа аттануы. Анасын өлімге қимауы. Келіңнің арам ойының іске аспауы. Ұлыңның соғыстан оралғанда анасының өкпе бауырды жеп, ауруынан құлаң-таза айығып, оңалып, толып кетуіне көзі жетуі.
Бекежан. не деп кеттің, тура кітаптағыдай ғой, аңыз әңгімелер деген
немереме оқып беріп едім, не дегег мағынысыз әңгіме деп , өзімді сөгіп тастады
Бекежанның айтқаны дұрыс нұсқасы,бұрын бала кезімде естіген әңгімем. Өмірде бар ғой енесінен құтылғысы келетіндер,әйелі ақымақ болып қалды
Бұрын бір кітаптан оқыған едім, бала кезімде. Айдары есімде жоқ. Аңыздың қысқа да нұсқасы жақсы!
өте жақсы туынды
Ағайындар ұрыспаңыздар!Бекежан мырза дұрыс айтты.Бұл әңгімені бала күнімде анам айтып берген.Ал жақында дзенде де жарияланды.Ал мына нұсқа өте сүйкімсіз,мағынасыз,түсініксіз.
Мақсат дұрыс айтады - Аңыздың қысқа да нұсқасы жақсы!
Әңгіменің астары, атаңа не істесең алдыңа сол келеді. Қысқа болсада мағынасы тереңде жатыр ғой.....
Менин пикирим дурыс атылган аныз ангиме казирги заманда коп ушыраиды бундаи окиялар ракмет пикирлерге кобирек жазу керек жастарга
Түп нұсқасы былай жазылмаған . Мынаны сауатсыз шала қазақ жазған. Жаза алмасаң нең бар ?