Бас ауруы - əр түрлі себептерден болатын ауырсыну сезімі. Көптеген адамдар осы ауруға депрессияның əсерінен, үйдегі, сырттағы дау - дамайларға төтеп бере алмай, өзін - өзі ұстай алмай ұшырайды. Жалпы бас ауырған кезде, қан айналымы бұзылады. Сондықтан миға қан біркелкі келмейді де, бас сырқырап, солқылдап немесе тырысып ауырады. Казіргі таңда барлық ауруларды асқынып кетпей тұрғанға дейін емдеуге болады. Себебі, қазір технология дамуда, ғалымдар бұл ауруды қойдыратын дəрілердің түр - түрін жасап шығарып үлгерді. Бас ауруды тоқтататын дəрінің түрлері қандай?
Мен көптеген адамдардан осы сұрақтың жауабын сұрастырдым. Олардың айтуынша, ''кетонал мен парацетамол'' - бас ауруын тоқтататын тиімді дəрілер. Менің ойымша, парацетамолды жасөспірімдер мен балалардың бастары аурып, қызуы көтерілгенде ішсе, кетоналды орта жастағы, жасы келген кі сілер ауырсынуды болдырмайтын дəрі ретінде қолданады.
Əрине, бас ауруы өте жаман ауру. Аурудың жақсысы жоқ шығар. ''Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде! '' - деп айтады емес пе? Сондықтан да мен үшін ең дұрыс шешім - бас ауруды болдырмау үшін депрессия, жанжалдардан аулақ жүру керек. Абай атамыздың отыз бірінші қара сөзінде: ''ой кеселдерінен қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек.'' - демекші, бəріне де сабырлылық, шыдамдылық, төзімділікпен қарау керек.
Тұрарханова Əсел
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі