Өлең, жыр, ақындар

Мамандығым мақтанышым

«Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасына түскеннен кейін мамандықтың маңыздылығын тереңірек түсіне бастадым. Оқуға түскенге дейін әлеуметтік жұмыс ол әлсіз топтарға көмек көрсету ғана деп келсем, қазіргі уақытта қоғамның әлеуметтік саласын қалыптастыруға ықпал өте үлкен екенін білдім.

Жалпы әлеуметтік жұмыс мамандығын мектепке жүрген кезімнен қызығып, ізденген болатынмын. Қоғамдағы әлеуметтік әлсіз топтарға көмек көрсету, қолдау мен қорғау біздің азаматтық міндетіміз деп санаймын.

Мамандық туралы білімімді толықтыру мен нығайтуға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің www.kaznu.kz философия және саясаттану факультеті, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамының үлесі зор. Кафедра меңгерушісі Гульмира Сериковна, оқу ісі бойынша орынбасары Индира Сарыбайқызы, кураторымыз Асель Бериковна және тағы да көптеген оқытушылардан білім мен тәлім алудамыз. Кафедра оқытушылары студенттерді әртүрлі студенттік ғылыми байқауларға, олимпиадаларға қатысуларына ықпал етеді. Мұндай ғылыми жұмыстар мен жобаларға қатысу арқылы өзіміздің біліктілігімізді толықтырып, дағдыларымызды қалыптастырамыз.

Қазіргі уақытта дипломдық жұмысымның тақырыбы «қалалық ортадағы мүмкіндігі шектеулі адамдар: инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігі». Аталған тақырып қазіргі қоғамда өте өзекті болып отыр. Тақырыпты зерттей келе, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қалалық ортадағы қозғалыс, дәрігерге бару, серуендеу, кітапханаға бару, қызмет көрсету  орталықтары мен әкімшілік ғирамараттарына кіру өте үлкен қиындық туындататынына көзім жетті. Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау туралы арнайы заң бар, алайда қоғам оларды сол қалпында қабылдауға дайын еместігін көрдім.  Көптеген зерттеулер мен жұмыстар жасау арқылы ғана қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қалалық ортадағы инфрақұрылымның қолжетімділігіне қол жеткізе аламыз.

Қорытындылай келе, «әлеуметтік жұмыс» қоғам дәрігері дегенге тағы да көзім жетті. «Әлеуметтік жұмыс» мамандығына оқуға түсу арқылы тек өзіңізге ғана емес қоғамның дамуына үлкен үлес қосасыз.

Болашақ студент, сіздерді Қазақ Ұлттық университетінің www.kaznu.kz философия және саясаттану факультеті, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының «6В11401-Әлеуметтік жұмыс» мамандығына оқуға түсуге шақырамын.

6В11401-Әлеуметтік жұмыс мамандығының 4 курс студенті Таган Нұрдана

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жөніндегі орынбасары Сарыбаева Индира Сарыбайқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз