Өлең, жыр, ақындар

Ақылды әйел — абыройыңның қорғаны

Бір адам өзінің қызмет орнына келе жатқанда сүрініп кетіп, лайға құлап, үстін бүлдіріп алады. Үйіне қайтып кете қоюға жол бірталай.

Содан жұмысына сол күйімен кіре берген еді, бір құрдасын көріп қалып, қызық болсын деп мас адамның жүрісіне салып, қисалаңдап, ұсқынын өзгертіп, өзінің кабинетіне кіріп кетеді. Оның бұл кейпін біраз әріптестері көріп үлгерген болатын. Ішінде мұны көре алмайтын, орнына қаралай қызығып жүргендер де бар еді. Көп кешікпей арада бес-он минут өткенде кабинетке сау етіп мекеменің директоры бастаған бір топ әріптесі кіріп келмесі бар ма?! Бұл бәрімен амандасты. Директордың өзі сасып қалды. Сөзі түзу, үсті-басы мұнтаздай, сол тәртіпті, өз ісіне тиянақты қызметкері жұмысын жасап отыр. Жанындағылар айтып барғандай ішімдіктің иісі де жоқ. Киімі де бүтін. Олар болса, “доңыз құсап былғап отыр, адам көретін жері жоқ” дегендей жеткізген болар, әйтпесе басшының өзі бұлай кірмесі анық.

— “Кешірңіз, біз жай, кабинетке жөндеу жұмысы қажет емес пе екен деп кіргенбіз. Алаңдамай жұмысыңызды істей беріңіз”, деп жатыр. Бәрі басшының артынан шұбырып, “Сап-сау ғой! Киімі де тап-таза... нені айтып жүрсіңдер?..” деп бір-біріне пышылдап бара жатыр. Бәрі кеткен соң бұл айнаның алдына барып, өз-өзінен күлді. Әйелін ойлады. Сүйсінді. “Жұмыста да бір тәуір киімің тұрсын. “Керек тастың ауырлығы жоқ” деген. Ол сенен ас-су сұрамайды” деп осы таза киімді үтіктеп, осында әкелгізіп қойып еді, қандай жақсы болған?! Дұшпанкөздерге қор қылмай, мерейімді олардан үстем қылды. Әйелім құдды осындай күн туарын білгендей!”деп, қайда жүрсе де ерінің абыройын ойлаған ақылды әйелінің болғанына Хаһ та’алаға шүкіршілік етті.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз