Өлең, жыр, ақындар

Таза бұлақ

Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш қылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:

- Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол,- деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:

- Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, - деді.

Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:

- Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,- деді.

Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» -деп сұрады.

Жігіт айтты:

- Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін,- деді.


Пікірлер (40)

♡♡♡♡♡♡

♡♡♡♡♡♡♡

Айко

Жаксы екен

Жансая

Кушты

Нуржамал

Өте жақсы жазылған!

Нуржамал

Жаксы Жазылған

Айдана

Оте жаксы жазылган

123

класс

сайда

таза бұлақ әңгімесі өте керемет екен

Эльвира

Сіз сол ей жолаушы болсаң осы таза бұлақтай бол дегенді қалай түсінесіз?соны айтынызшы!

куралай

Оте керемет.!!!!! Манна катты унады

дариға досполовна

Балама күшті болды.апайы осыны оқыса апта окушысы болады деді

Ернар

маган бул матын унады

Еркебұлан

Бұл әңгіме ойға шомылдыратын етіп жазылған және керемет айтылған.

Данияр шархан

Жаксы кiтап екен.

Данияр шархан

Жаксы куштi

Полатбек Руслан

Ыбырай атам керемет,
Айтқан сөзі дірілдеп,
Ой түбінде жатады,
Әрбір айтқан сөзіде

Мерей

Адамдарга ой салады

Мерей

Керемет

Ершуақ

рахмет

Мади

Супеееер

Фариза

Керемет рахмет
Маган унади
Мазмундама керек болды таба алмай отир едим рахмет

арука

Оте жаксы унады

Руслан

Керемет

Назым

Өте керемет əңгіме

казына

соңғы жолда не айтып турганын уга алмадым...
киын болмаса тусындырып берыныздершы.

диас

керемет маган унады

естаи

керемет рахмет өте кушти жазылган маган унады

Ұлпан

Маған негізінен ерекше ой салды
Ақыл жастан білім тастан. Ақылыңа ақыл қос міне мен өзіме тағыда бір өнегелі нақыл сөздерді үлгі түттым

Еалы

Менің ойымша үшінші адамның айт қаны дұрыс теп ойлай мын

қазына

жаксы екен қысқа нұсқа

Нұрай

Өте жақсы мәтін қызықты

Нұрай

10.04.2020. 9:07
Өте жақсы мәтін. Қызықты оқып кетіңдер.

Аида

Қай жолаушылардың сөзі дұрыс? Неліктен? Айтынызшы

Тұрсынбай Нұрасыл

Қай жолаушыныкі дұрыс екен

Нəсіп

Үш жолаушының пікірі де көңілге қонымды.Үшінші жолаушы сөзін үлгі тұттым.Рухани тазалыққа,адамгершілікке тəрбиелейді.Таза болсаң ,судай бол,бəрін жуып кетіретін.Адам рухани жағынан бұлақтай таза болса ғой,шіркін!

Жанар Айдинова

Менинше ушинши жолаушынын айтканы дурыс

Аяу

күшті екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз