Дәрігерлер ежелден-ақ қарапайым халықтан ерекшеленетін арнайы киім киген. Алайда бүгін бізге үйреншікті ақ халат медицинада тек XIX ғасырда ғана қолданысқа енген.

Оба дерті өршіп тұрған кезеңде дәрігерлер қара түсті пальто, бас киім, былғарыдан тігілген шалбар киіп, құс тұмсығына ұқсас үлкен маска таққан. Бұл киімнің ғылымға еш қатысы болмаған. Ол заманда дәрігерлер сұсты кейіп пен түрлі шөп дәрілердің иісі қауіпті аурулардан қорғайды деп сенген.
Орта ғасырларда Еуропада дәрігерлердің киімі олардың қоғамдағы деңгейіне байланысты болған. Бай-шонжарларды емдейтін дәрігерлер қымбат мата мен былғарыдан тігілген сәнді киім кисе, қарапайым халыққа қызмет көрсететін дәрігерлер тек өз мамандығын білдіретіндей қарапайым киіммен шектелген.
1860 жылдан бастап дәрігерлер ақ түсті киім кие бастады. Сол жылы америкалық дәрігер Джозеф Листер аурухана қызметкерлерін ақ түсті арнайы форма киюге міндеттеді.
Мұның бірнеше себебі бар еді:
ақ түсте кір мен дақ бірден байқалады;
гигиенаны бақылау жеңілдейді;
ақ матаны хлормен жуса да өңі кетпейді;
жұмыс істеуге ыңғайлы әрі таза көрінеді.
Осылайша ақ халат тазалық пен медицинадағы жауапкершіліктің символына айналды.
Бүгінде барлық дәрігерлер ақ халат кимейді. Әсіресе хирургтер көбіне жасыл немесе көк түсті халат киеді.
Себебі операция кезінде:
жарық шамдар ақ халаттан қатты шағылысады;
көзді уақытша қарықтырып, зейінді бөледі;
бұл ота жасауға кедергі келтіруі мүмкін.
Ал операция барысында әр секунд маңызды. Сондықтан көзге жайлы, жарықты аз шағылыстыратын жасыл және көк түстер таңдалады.
Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елінде хирургтер мен реанимация мамандары жасыл немесе көк түсті форма киеді. Ал емхана дәрігерлері мен мейірбикелер ақ халатты әлі күнге дейін сақтап келеді. Ол медицинадағы сенім, тазалық пен кәсібиліктің белгісі болып қала беруде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Жалаладдин Руми
- Жалаладдин Руми
- Қасым-Жомарт Тоқаев
- Қасым-Жомарт Тоқаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі