Үш бақытым

  • admin
  • 09.04.2015
  • 3
  • 69
  • 140495
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!


Басқа да өлеңдері

Не деген керемет күн

  • 1
  • 1

Не деген керемет күн!
Жаныда бәрі даяр не керектің:
Көрінеді гүлдерің бүр жарғаны,
Естіледі ұшқаны көбелектің.

Толық

Жалғыз көкек

  • 1
  • 2

Жетімсіреп, жем іздеп балапанға,
Жалғыз көкек жүретін жаға талда.
Әлдекімді жоқтайтын күн батарда,
Әлдекімді жоқтайтын таң атарда.

Толық

Соғыстың соңғы көктемі

  • 1
  • 3

Жасылмен бояп қойған ба?!
Жап-жасыл таудың бөктері
Қырлар да, мынау ойлар да,
Жап-жасыл болып көктеді.

Толық

Пікірлер (69)

Бибинур Алтынбековна

Мукагали атамыз болашак жастарга жаксы осиет калдырып кеткен

Гүлзана

Жақсы тақпақтар бар екен

Асель

өте əдемі жазылған өлеңдер!!!

Сашинка

Мен кішкентай кезімнен бастап Мұқағали атамыздың оленденрін окып келемін Ал ертен олендерден жарыс.

Исламбек

күүүүүүүүшшшті!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!"

Шынар

Керемет, толғандырарлық, Мұқағали Мақатаевтың жырларын сүйіп оқимын.....

жанел

мен оз елымды мактан тутам

кура

өте жақсы

дильназ

өте керемет өлен екен маған ұнады

Жанерке

сонғы жағы үйлеспей қалған

Азамат

Маған үш бақытым деген олены қатты ұнады

назым

өте жаксы

Brooclyn

күштііі

Еркебұлан Ағманов

ұнады маған

диана

мен мукагали атамыздын барлык оленын окып шыктым оте керемет жанеде мен жарыстан бырыншы орын алдым анда бас жулде бол ган жок

нурсауле

Маган Мукагали атамыздын олендеры катты унаиды.Асыресе "конемызде"денег олены унаиды.Мен ертен "Уш бакытым"оленын аитамын.6 а сынып окушысы

Алия

Мукагали Макатаев атамыздын олендерин жаксы корем

жанерке

кермет маган да унады

Сабина

Өте керемет екен мен Мұқағали атамыздың фанатымың

Жанерке

Маған Қатты ұнады

Ислам 6 Б

Күшті

Алмат

Оте керемет

Бексұлтан

мен 3 ақ шумағы бар деп жүрсем

Меруерт

Керемет өлең маған Мұқағали атамыздың Қара саз жəне Үш бақытым өлеңдері қатты ұнайды

Monika

Тамаша өлеңдер ! М. Мақатаев атамыздың өлеңдерінің барлығы керемет және мәнерлі өлеңдер

Умиргазиева Дина

Тамаша керемет! М.Мақатаев аталарымыздың өлеңдері өте қатты ұнайды.

Қуан

Маған Мұқағалі Мақатаев атамыздың өлеңдері қаты ұнайды !

молдыр

тамаша керемет

Асия

Мен мəнерлеп оқуға дайындалып мұқағали атамыздың үш бақытым деген өленін жаттап жүрмін

Данияр

Маған ұнады
Мен Мұқағали ағамыздың оленін.жаттаймын

Амина

Мұқағали атамыздың өлеңдері өте күшті,ойға қонымды

Амина

Мұқағали мақатаевтін өлеңдерін қатты жақсы көремін үш бақытым өте күшті

САБИНА

ТАМАША КҮШТІ ЕКЕН

Нигора

Маған М Мақатаевтің өлеңдері өте қатты ұнайды Мен жарыста соның өлеңін жаттап 1ші орын алғам

Бейбарыс

Маган унады

Диана

Мен М Мақатаев атамыздын өзін де жазған өлеңдерін де өте қатты жақсы көремін мен жарысқа дайындалып жүрмін ол жарыстын аты М Мақатаевтың туылған күні мен Үш бақытым өлеңін айтамын

Аружан

Маған Мұқағали атамыздың өлеңдері қатты ұнайды

Жанболат

Керемет өлең

Тайтаразова Несіпхан Әшімқызы

Мен де осы Мұқағали топырағынан жаралғанмын.
Осы кісі жүрген ауамен дем алып, аяқ басқан жерінен нәр алғанмын.
Бұл кісінің қандай өлеңдерін алсаңыз да адам өз жанына керекті қорек алғандай сезінеді.
Бұл кісінің өлеңімен дем алып, кейде күйініп, кейде жылап, кейде күліп қаласың.
Өте тамаша ақын. Өлеңдерін жазғанда ашы шындық нәзік сезіммен, жүректі тіліп отырып жазған.

куаныш

өте керемет жазылған

Назерке

Өте күшті маған ұнады

альмира

өте күшті әсер қалдырды

Алтынгүл

Күшті өлең өмірге нағыз керекті

жения

Нақты ари әдемі айтылған өте керемет

Арайлым Тасхан

Маған өте қатты ұнады, менде Мұқағали атамыз секілді осындай әсерлі өлең жолдарын жазудамын!

ақнұр

Маған өте ұнады.менде мұқағали атамыз секілді осындай əсерлі өлең жолдарын жазудамын

ақнұр

Өте күшті əсер қалдырды

Мако Алькантара

Маган казактын осы акыны унайды!

Асел

Күшті,керемет!!!!!!!!!!!

Жадыра

Өте күшті əсерлі ең керекмет ақыным

Юля

Нормально

Иско

Маган үш бақытым өлеңі қатты ұнады! Осындай ақын-жазушыларымыз көп болса екен!!!

Аяулым

Күшті

Киара

маган унады

Баян

Күшті

Нүркен

Мұқағали менің сүйікті ақыным

АНЕЛЬЯ

Маған барнен катты унайтын акын ғой бұл ♥♡♥

Kuandik

Маған Үш бақытым өлең қатты ұнады

Атико

Маған қатты ұнады Мен конкурсқа үш бақытым оленин айттамын

Галымжан

Кудай деген ким десе,отан дер ем! Дурыс емес екен.

Нурда

Кушти

Алтынай

Маганда Мукагали Макатаиевтин олендери унайды

Алтынай

Олендери кушти

Махлие

Маган М.Макатаев атамыздын олендери керемет Маган катты унады. Кийде тарихимыздан сыр шертгендей.Маган уш бакытым жане Ана деген олены унады.Кереметь!!!!!!.

Мухамед

Маған да ұнады

Зере 4 а

Өте керемет! Маған ұнады.

Мадина

Маған М.Мақатаевтің өлеңдері ұнайды.

Дильара Шакиевна

Өте керемет өлеңдер осы сайтты ашқан адамға көп рахмет
5 а сынып оқушысы

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)