Өлең, жыр, ақындар

Сол түні

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 1
  • 2
  • 38047
Ауады да тұрады, аңсарым-ай!
Әлі сен есімдесің, Аршалы сай.
Сол түні неге мені өлтірмедің?
Сол түні риза едім алса құдай.
Сен куә, Аршалы сай,
Сол түні мен,аққуға тұзақ салын, өлтіріп ем.
Сол түні неге мені аяп қалдың?
Жаңадан ауызданған бөлтірік ем.
(Бөлтірік ем, арлан боп аяқтандым.)
Шырылдап сонда сені оятқан кім?
Есіңде ме,Көз жасы...
Жалынышты үн?..
Сол түні неге мені аяп қалдың?!
Қара түннің ішінде, қара бақтың,
Атар таң, келер күнге қарамаппын.
Тағдырдың өзі берген махаббатты,
Тәрк етіп, мәңгілікке жаралаппын...
Аршалы сай!
Неғылған көркем едің!
Сол түні неге мені өртемедің?
Сол түннің қияметін есіме алсам,
Сенен де, өзімнен де жиіркенемін.



Пікірлер (2)

майра

керемет

Динара

Мұқағали Мақатаевтың Сол түні атты өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Түсіме тау кіреді...

  • 1
  • 5

Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді,
Тау жайлап, тау қыстаған.шал жүреді.
Басында ақ қалпағы, жүннен шекпен,
Астында балпаң басқан Сал-күреңі.

Толық

Тілегім қайда менің көкке өрлеген

  • 1
  • 2

Тілегім қайда менің көкке өрлеген?
Жүрегім қайда менің кек кернеген?
Жүремін неге бұлай бөктерде мен?
Білемін...

Толық

Махамбеттер, Абайлар-ай

  • 1
  • 11

Өмірдің қысы, жазы, көктемдері,
Қысылтаяң шақтары, өткелдері,
Адамның аққан қаны, төккен тері,
Мұратқа жетпегені, жеткендері --

Толық

Қарап көріңіз