1960-жылдардан бастап әлемде кеңінен талқылана бастаған минимализм ұғымының түп-тамыры шын мәнінде Қиыр Шығыс философиясынан бастау алады. Жалпы алғанда, бұл өмір салтын «аз тұтыну – көп тыныштық» деп сипаттауға болады. Минимализм – өмірдегі артық дүниелерден арылып, тек шынайы қажет заттармен шектелу арқылы ішкі үйлесім мен тыныштыққа қол жеткізу деген сөз.

Минималистік өмір салты – адам өміріндегі материалдық және рухани құндылықтарды қажеттілік деңгейіне дейін қысқарту арқылы өмірдің өзіне көбірек мән беруге мүмкіндік жасайтын көзқарас. Бұл ұстаным еркіндікке, жайлылыққа және өмір сапасының артуына жол ашады.
Минимализмді түсініп, оны өмір салтыңа енгізу арқылы өз өміріңді қайта құра аласың. Үйдегі артық заттардан арылу – тек физикалық кеңістікті ғана емес, сонымен бірге жан дүниеңді де тазартады. Артық жүктерден, қажетсіз дүниелерден құтылған сайын, санаң да жеңілдеп, өмірің айқынырақ бола түседі.
Аз зат – көп тыныштық.
Аз дүниемен өмір сүру, қарапайымдылықты таңдау – оңай шешім емес. Әсіресе қалыптасқан әдеттерден арылу алғашқы кезеңде қиындық тудыруы мүмкін. Алайда бұл шешім – өміріңде қабылдаған ең дұрыс қадамдардың бірі болатыны сөзсіз.
Алдымен ұзақ уақыт бойы қолданылмаған, шын мәнінде саған қажет емес заттардан баста. Оларды күнделікті көз алдыңда тұрған орындардан алып тастап, кейін біржола арылған жөн. Өмір сүру үшін қанша зат керек болса – дәл соншасын ғана қалдыру жеткілікті.
Бұл қадамдар сенің:
ішкі тыныштығыңды табуыңа,
ойыңды жинақтауыңа,
өмірден ләззат алуыңа көмектеседі.
Келесі кезеңде қажет заттарды өз орнына қойып, қарапайым сәнділікті ұстануға болады. Минималистік өмір салты – тек аз затпен өмір сүру емес, бұл саналы таңдау, тәртіп және өз-өзіңе деген құрмет.
Қарапайым өмір сүру – барлық жағынан пайдалы. Ол сені артық уайымнан, қажетсіз шығыннан және рухани шаршаудан сақтайды.
Артық та емес, кем де емес – дәл қажеті ғана.
Уолт Дисней жетістігінің тарихы
Toyota тарихы: тоқыма станоктың орнын көлікке алмастыру
Коносуке Мацуситаның өмірі мен жетістікке жету тарихы
Неміс дәріханасынан әлемдік косметика империясына дейін: Schwarzkopf тарихы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Финли Питер Данн
- Бернард Шоу
- Виктор Франкл
- Марк Аврелий
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі