Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанда әлеуметтік желілер: жастар арасындағы қолдану және негізгі көрсеткіштер

    Соңғы жылдары Қазақстанда әлеуметтік желілер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Интернеттің қолжетімділігі мен смартфон қолданушылар санының артуы әлеуметтік платформалардың кеңінен таралуына айтарлықтай әсер етті. 2025 жылғы деректерге сәйкес, Қазақстанда 19 миллионнан астам адам интернет пайдаланады. Бұл ел халқының 90 пайыздан астамын құрайды. Ал әлеуметтік желілерде тіркелген қолданушылар саны шамамен 16–17 миллион адамға жеткен. Бұл көрсеткіш жыл сайын тұрақты өсім көрсетіп отыр.

Қазақстандықтар арасында ең көп қолданылатын платформалар қатарында Instagram, TikTok, WhatsApp және Telegram бар. Әсіресе TikTok пен Instagram жастар арасында жоғары танымалдылыққа ие. Қысқа бейнероликтер, визуалды контент пен ақпараттың жылдам таралуы бұл платформаларды жас аудитория үшін тартымды етеді.

Зерттеулерге сүйенсек, жастардың 65–70 пайызы әлеуметтік желілерді күнделікті қолданады. 18–24 жас аралығындағы жастардың басым бөлігі жаңалықтарды дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарынан емес, әлеуметтік желілер арқылы алады. Бұл көрсеткіш 70 пайыздан жоғары. Жастар әлеуметтік желілерді негізінен ақпарат пен жаңалық оқу, достарымен байланыс жасау, ойын-сауық контент тұтыну, өзін-өзі дамыту және шығармашылықпен айналысу мақсатында пайдаланады.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің кері әсері де бар. Мамандар уақытты шамадан тыс жұмсау, жалған ақпараттың таралуы және тәуелділік қаупіне ерекше назар аудару қажет екенін айтады. "Қазақстанда әлеуметтік желілер, әсіресе жастар арасында, ақпарат алудың және қарым-қатынас жасаудың негізгі алаңына айналды. Болашақта бұл платформалардың қоғамдағы рөлі одан әрі арта түсуі ықтимал.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Бугыбаева Назерке​


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз