Өлең, жыр, ақындар

Мұқағали Мақатаевтың ең үздік 20 өлеңі

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз - 27 наурыз 1976, Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.

Поэзиядағы алғашқы қадамдары

Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).

Шығармалары мен аудармалары

Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.

Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы “Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықты.

Назарларыңызға Мұқағалидің ел арасындағы ең танымал 20 шығармасын ұсынамыз, басып ашып оқуларыңызға болады.

Отан туралы

Үш бақытым

Фаризаға

Әйелдер-ай

Анашым

Отан

Нені аңсаймын

Музаға

Мына қасқа...

Несіне асығады?!

Наурыз

Алматының аспаны

Жалғыз көкек

Ақынға

Беташар

Көктем де келер

Біздің көктем

Адасқан шағала

Апырмай, туған жер-ай

Адамды адам түсінбеу -- бір ақырет

1941 жыл. Ақпан.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (8)

Жомарт

Рахмет, пайдама жарады!

Маржан

Мұқағали мақатаев әндері

Абылай

Отан

Абылай

Шеше

Абылай

Жаксы

Зере

Рақмет пайдама тиді көп көп рақмет мен бұл өлеңдердің бəрін жаттауға тырысам♡♡♡

Айзере

Рахмет пайдасы тиді .Бүгін М.Мақатаевтің туған күні.

Айзере

Рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз